ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

«ҚҰШАҒЫМДА БАР ҒАЛАМ»

15:34, 6 наурыз 2020

«Құшағымда бар ғалам». Бұл қалалық опера және балет театрында өткен шығармашылық кештің атауы. Елбасы жолдауы аясында театрдың жетекші солисті, халықаралық байқаулардың лауреаты Марат Оразметов тыңдарман қауымды қуантты. Аталмыш шарада отандық және шетелдік компазиторлардың үздік опералық шығармалары орындалды.

 

Марат Оразметов, актерлық шеберлігімен театр және кино көрерменіне жақсы таныс. Енді шығармашылық кешін өткізіп, ән әлеміндегі қабілетімен көпті қуантты.

Рысгүл Османова – көрермен

 Шымкент қаласының опера және балет театрына ерекше концертке келіп отырмыз. Себебі бұл опера театрында көптеген әртістер бар.  Барлығының көп еңбегі сіңген. Әншілеріміз бар актерларымыз бар соның ішінде Оразметов Мараттың кешіне келіп отырмыз.

Шығармашылық кешке көрші мемлекеттермен қатар Қарақалпақстан, Өзбекстан елдерінің де атақты әншілері арнайы келді. Марат Оразметовтың кешіне қолдау көрсетіп, өз өнерлерін көрсетті. Кештің иесі болса есті ән мен халық шығармашылығын нақышына келтіріп орындап, операның құдіретін сезіндірді. Жүректерге жеткізіп, құлақ құрышын қандырды. Ол... бұл кешті ұзақ жоспарлап еді. Енді міне, сәтін салды, жоғары деңгейде өткізді.

Марат Оразметов – Шымкент қалалық опера және балет театрының жетекші солисті

Бүгін шығармашылық жеке концертімді беріп жатырмын. Ештен кеш жақсы дейді. Ертеректе берсек болар еді өзіміздің тәжірибеміздің, репертуарымздың толықпауына байланысты уақыт сәті бүгінге келіп жатыр.

Тірі, жанды дауыс, музыкалық аспаптың сүйемелдеуі кімді де болсын өзіне елітіп әкетеді. Кештің де ерекшелігі осында болды. Келген көрермен, сахна майталмандарымен қимай қоштасып, жүректерге жеткен музыканы ұзақ сақталады деп тарқасты.

Өркен Мырзабек

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...