ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ

16:40, 13 желтоқсан 2019

Электронды қызмет - заман талабы. Бұл қағазбастылық пен жемқорлықты жояды дейді, мамандар. Түркістанда тұрғындарға үйден шықпай-ақ, мемлекеттік қызмет түрін онлайн түрде алу мүмкіндігін түсіндіру мақсатында жәрмеңке өтті. «Мега» ойын-сауық орталығында өткен шараны қала әкімдігі мен мен облыстық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ұйымдастырды.

Елімізде  2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру көзделген. Осы мақсатты ұйымдастырылған жәрмеңкеде халыққа өздеріне электрондық қолтаңба  алған жағдайда,  үйде отырып қажетті анықтаманы немесе қызметті алуға болатыны туралы айтылып, сауалдарға жауап берілді.  

Айгерім Төлегенова - қала тұрғыны

Бұл жәрмеңкеде көкейіміздегі сұрақтарды ала алдық. Қала және сәулет қызметі турасындағы мәліметті сұрадым. Өзім электрондық қызметке көшіп, үйде отырып керекті құжатымды пайдалана аламын.

Қазіргі таңда 723 мемлекеттік қызмет тізіміне сәйкес, оның 500-ден астамын электронды түрде алуға мүмкіндік бар. Ал, Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдары тарапынан жалпы 193 құжатты онлайн рәсімдей алады. Дегенмен, білім және ауыл шаруашылығы саласында жемқорлық ісі әлі де азаймай отыр.

Ерлан Ермұханбетов - Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары

Қазіргі таңда біз уәкелетті орган ретінде  мемлекеттік органдарда 75 бақылау шараларын жүргіздік. Нәтижесінде 1600 ден астам құқықбұзушылық анықталды. Тиісінше ұсыныстар енгізіп, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Заңбұзушылықтардың көп бөлігі білім саласында, ауылшаруашылығы саласында көр орын алған.

Жәнібек Наушабай-Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы

Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен ашықтылығына, көрсетілу сапасына баса мән берілуде. Осы бағыта қазақстандықтар үшін жуырда «Электрондық үкімет порталының» «Е-gov mobile» жаңа мобильдік қосымшасы қолжетімді болды. Осы мақсатта қалалық әкімдік тарапынан «Фронт-офис» ашылады,деп жоспарлануда.

М.ӘСЕМБЕК   

Тақырып бойынша материалдар

50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
16:14, 4 тамыз 2020
50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:24, 28 шілде 2020
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...