
Қазығұрт аудандық сотында өткен жылы 106 қылмыстық іс қаралған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 9 пайызға көп. Бұл туралы 2020 жылды қорытындылаған аудандық сот төрағасы Ильяс Тоғызбаев мәлімдеді.
Төрағаның айтуынша былтыр қаралған істердің 57-не үкім шығарылып, 44 іс түрлі себептермен қысқартылған. Елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты бүгінде сот жүйесі қашықтықтан жұмыс істеуде. Соған қарамай жыл бойына 407 шағымшешімін тапқан. Ең бастысы барлық арыз-шағым дер кезінде қаралып, арызданған азаматтарға тиісті шешімдер өз уақытында берілген. Сонымен қатар істерді қарау мерзімі сақталған.
Ильяс Тоғызбаев - Қазығұрт аудандық сотының төрағасы
М. Жарылқасын