ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ҚЫЛМЫСТЫҢ ІЗІ СУЫМАЙ АШЫЛУДА

14:57, 23 ақпан 2021

Шымкентте бейнебақылау камералары қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізуде. Осы орайда, Жедел басқару ортылығының бейнебақылау тобының инспектоларымен 15-21 ақпан аралығында сыртқы бейнекамералар арқылы 7 қылмыс ашылған.

Олардың 3-еуі ұрлық, 3-еуі бұзақылық, ал 1-еуі басқа қылмыс. “102” арнасына бір жетінің  ішінде әр түрлі сипаттағы 6294 қоңырау келіп түскен. Оның 2 648-і тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 923 жайт анықталып, хаттамалар толтырылған. Оның ішінде: Қоғамдық орындарда қоқыс тастау дерегі бойынша – 11 жәйт; Қоғамдық орындарда мас халде жүру фактісі бойынша – 24 жәйт; Ал, қоғамдық орындарда қайыршылық жасау жәйті бойынша – 20 дерек анықталған. Сонымен қатар, 768 жол ережесін бұзу оқиғасы, одан басқа 100 жәйт анықталды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2021 жылды құқық бұзушылықтардың алдын алу және “қадамдық қолжетімділіктегі полиция” қағидатын жүзеге асыру жылы деп жариялағаны белгілі. Осы орайда,  Шымкентте қабылданып жатқан жедел алдын алу шаралары қоғамдық орындарда жасалған қылмыстарды төмендетуге ықпал етуде. Бұл ретте, бейнебақылау камералары заң бұзушылықтың алдын-алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізуде.

Тақырып бойынша материалдар

ТУРИСТЕРДІ ТАҢ ҚАЛДЫРАТЫН НЫСАНДАР САЛЫНУДА
18:54, 2 наурыз 2021
ТУРИСТЕРДІ ТАҢ ҚАЛДЫРАТЫН НЫСАНДАР САЛЫНУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕН ҚҰЛАН ТАЗА АЙЫҒУҒА БОЛАДЫ
14:59, 26 ақпан 2021
ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕН ҚҰЛАН ТАЗА АЙЫҒУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...
ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ :  ҚАЗАҚ   ХАЛҚЫНА  МЫҢ  АЛҒЫС !
15:06, 26 ақпан 2021
ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ : ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА МЫҢ АЛҒЫС !
Толығырақ...