ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

МАҚТААРАЛДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

17:38, 23 қараша 2021

Мақтаарал ауданына қарасты Өргебас елді мекенінде Абдухалық қажы атындағы мешіт ел игілігіне берілді. Өткен жылы тасқын су астында қалған бұл ауыл қазірде жаңа кейіпке еніп, ажарлана түскен. 200 орындық құлшылық ордасының ашылу салтанаты жайлы толығырақ тілші әңгімесінде.

Былтыр тасқын су басқан Өргебас ауылында Абдурайым Көбеевтің демеушілігімен жаңа мешіт ашылды. Алланың үйіне «Абдухалық қажы» есімі берілді. 200 орынға арналған құлшылық үйінің намазханасы, имамға қызметтік үй, асхана, дәретханасы бар. Заманауи үлгіде безендіріліп, 25 соттық жерге салынды. Тұрғындар бой көтерген зәулім мешіттің ашылуына қатысып, дән ризашылықтарын білдіруде.

Қуатбек Қанаев – Абдухалық қажының інісі

Алла үйінің ашылуына облыстың бас имамы Еркебұлан Қарақұлов арнайы қатысып, Құран кітабын тарту етті. Қадірлі қонақтардың қатарында ұстаз Еркінбек Шоқай, Бауыржан Әлиұлы, Оралхан Сейдумановтар да бар. Аудан имамы Нұржан Мұсабеков мешіт салған үлкен сауап екенін тілге тиек етіп, атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.

Нұржан Мұсабеков – Аудан имамы

Абдухалық қажы еліне еңбегі сіңген  айтулы азамат болған. «Әке көрген оқ жонар» демекші қажының ұлыАбдурайым Көбеевәке жолын қуып еңбексүйгіш болып өсті. Кәсіпкерлігін дөңгелетіп,  ауылға қолдан келер қамқорлығын жасап келеді. Бүгінде ауылда зәулім мешіт тұрғызып, ауылдағы ағайынның ақ батасын алды.

Базарбек Әмірханұлы – ауыл тұрғыны

Айта кетейік мешіттің құрылысы 2013 жылы басталған. Алла үйінің құрылыс сәулеті заман талабына сай безендіріліп тұрғызылған және орталықтандырылған жылу жүйесімен, ауыз су және электр қуатымен қамтылған. Мешіттің ашылу салтанаты есте қаларлықтай әсерлі өтті. Жиналған жұртшылық имандылыққа ұйытқы болатын, ел ішіндегі бірлік пен татулықтың ордасы мешіт ісіне береке тіледі.

 

Е. Бөбеев

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...