ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

МАЛ БАЗАРЫНЫҢ ӘКІМШІЛІГІ КІРІП-ШЫҒУ ҚҰНЫН ҚЫМБАТТАТЫП ЖІБЕРГЕН

16:57, 9 маусым 2021

Шымкенттегі мал базарының әкімшілігі базарға кіріп шығу құнын қымбаттатып жіберген. Мәселен, алдын базарға мал әкелген шаруа әр қойға 500 теңге төлейтін болса бүгінде 1 айлық қозы мен лаққа мың ал бұзау үшін 1500 жылқы басына 2000 теңгеден төлеуде. Сорақысы сол өткен жылы іске қосылған базарда келушілер үшін мүлде жағдай жасалмаған. Күн мен жаңбырдан қорғайтын орынның жоқтығын айтпағанда қол шаятын су жоқ. Базар тұтынушыларының мұңын тыңдап қайтқан тілші тарқатады.

Ерланның екі лақты жетектеп жүргеніне екі апта болды. Сата алар емес. Себебі баға төмен. Бірақ, оған мән беріп жатқан базар әкімшілігі жоқ. Әр кіргені үшін екі мың теңгесін санап алады. Отбасын әрең асырап жүрген жан үшін ол жығылған үстіне жұдырық сілтегенмен тең. 

ЕрланБеріков - Шымкент қаласының тұрғыны

Мына уешкінің өзінен қымбат қой есік. Дұрыспа!? Болмайдығой олай. Екірет шығардым. Мың теңгеден екі мың теңге бердім.

Малдың кіріп шығу ақысы қымбаттағанымен мұнда келушілерге лайықты жағдай жасалмаған, дейді халық. Себебі, мұнд асанитарлық талаптардың сақталмағанын айтпағанда қол жуатын орында қарастырылмаған көрінеді.

-мынажердехалықтыңбәрішулапотыр. Бәріқорқыпотыр.

-        Кеше ғана 500 еді бүгін 1000 теңгедеп шығармай тұр. Базарда ең болмаса қол жуатын құдайдың қара суы жоқ қой

-        «Көке о лбізді қызықтырмайды ».-Дейді. Сонда бұларды не қызықтырады!? 500 теңгема? Адамбызғой. Мал емеспіз.

Былтыр ғана іске қосылған базарда шындығында келушілер үшін жайлы жағдай қарастырылмаған. Халықты күн мен жаңбырдан қорғайтын бастырма, отыратын орындық деген атымен жоқ. Ал, малдың сырғасы мен денсаулығына байланысты анықтаманы сұрап жатқан да ешкім жоқ.

СапарТөлеген – шаруа  Халықтың тек қана ақщасы керек па сонда? Халыққа сәл жағдай жасау керек шығар. Одан кейін талап етсін  1000 тг қылама 1500 қылама. Ал дәл қазіргі қызмет көрсету жағдайы 20 0тг ден төменғой, көріп тұрсыңдар ғой. Міне ана жерде ағаштар жатыр судың астында шіріп соны мына жерге қойса болады ғой. Осы жердегі 1000 адамнан сұраңыз жағдай жоққо

Ал базар башылығы болса кеткен шығынды ақтау үшін кіріп шығу құнын қымбаттатқанын айтып ақталуда.

Талғат Ерікбаев – «ЖК Сандыбаев» мал базарының директоры

Енді мына жерге қанша шығын кетті. Оның үстіне барлығы бере бермейді...

Базар басшысының жұрттың барлығы бере бермейді дегеніне сену қиын. Өйткені, есік алдынан ақша төлемей өтіп жатқандар жоқ. Сонымен қатр мұнда малдан бөлек базар аумағына кіріп шыққан әр көліктенде 500-1000 теңге көлемінде қаржы жиналады. Оның қайда жұмсалып жатқаны жұмбақ..

 

М. Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...