ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАУ КЕРЕК

18:14, 3 қараша 2021

Шымкентте жастардың 7,3 пайызы жұмыссыз. Олардың екі қолға бір күрек таппауының басты себебі – сұранысы аз мамандықтарға таңдау жасауы болып отыр. «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы ұйымдастырған бүгінгі іс шара NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру мәселелеріне арналды. Тепсе, темір үзетін жігерлі жас буынның экомикалық белсенділігін арттырудың жолы қайсы? Бұл ретте мемлекеттен қандай қолдау бар? Алдағы сюжеттен білейік.

Жаңа  форматта өткен жиында студенттер саланың саңлақтарына айналған   жастармен кездесті.  Саясат, өнер, журналистика, құрылыс салаларында жетістіктерге жеткен жастар студенттерге өз белестерін  әңгімелеп берді. Мақсат – жастардың өз жолын табуына, өз салаларында үздік болуына ықпал жасау. Емін-еркін өрбіген бұл шарада NEET санатындағы жастарды қолдауға ден қойылып отыр. Өз мамандығы бойынша жұмыс таппай жүрген жастарды кәсіпке баулуда, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды игеруде  мемлекеттік бағдарламаларды пайдалану тиімді тетік дейді ұйымдастырушылар.

Жанар Бектаева «Nur Otan» Партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Сала үздіктерімен жүздескен студенттер үшін кездесу әсерлі болды. Олар көкейлеріндегі сауалдарына жауап алып, замандастарының  кеңестерін көкейге түйіп тарасты.

Абылайхан Сайдуллаев, студент  

Шымкент - жастардың қаласы. Жергілікті халықтың 23 пайызы жас буынды құрайды. Дамудың жаңа сатысына бет бұрған үшінші мегаполис үшін жастардың экономикалық белсенділігін арттыру маңызды дейді нұротандықтар. 

 

М.Рысбаева     

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 348 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
13:49, 24 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 348 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
Толығырақ...
ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ
13:46, 24 мамыр 2022
ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА ТІРКЕТЕ АЛАДЫ
17:39, 17 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА...
Толығырақ...
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...