ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

«МАНЧЕСТЕР СИТИ» ТҰҢҒЫШ РЕТ ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ

13:30, 5 мамыр 2021

«Манчестер Сити» футбол клубы тұңғыш рет Чемпиондар лигасының финалына шықты. «Қалалықтар» екі мачтың қорытындысы бойынша «Пари Сен-Жерменнен» 4:1 есебімен басым түсті.

Матчтағы есепті 11-минутта "Манчестер Ситидің" алжирлік жартылай қорғаушысы Рияд Марез ашты. Шабуылды клубтың қақпашысы Эдерсон бастап, әріптесі Александр Зинченкоға алыстан пас асырған. Украиналық қорғаушы болса, Кевин де Брейнені алаңнан тапты. Ол қақпаға соққы жасағанымен "Пари Сен-Жерменнің" қорғаушыларының аяғына тиіп кетті. Ал бағытын ауыстырған допты Рияд қабылдап, мүлт кеткен жоқ.  Ойындағы екінші голды да Рияд Марез ұрды. Кездесудің 63-минутында алжирдік қарсылас клубтың қақпашысы Кейлор Навастан айласып асырды. Оған нәтижелі пас берген Фил Фоден. Алты минуттан кейін "Пари Сен-Жермен" бір ойыншыға кем қалды. Париждік ұжымның атақты футболшысы Анхель Ди Мария "қалалықтардың" капитаны Фернандиньоға қарсы дөрекі ойнап, алаңнан қуылды. Осылайша, тартысты өткен матчта Пеп Гвардиола жаттықтыратын "Манчестер Сити" Францияның чемпиондарынан 2:0 есебімен басым түсті.  Айта кетейік, қос ұжымның арасындағы алғашқы кездесуде де "қалалықтар" 1:2 есебімен жеңген болатын.  Чемпиондар лигасының финалы 29 мамыр күні Стамбул қаласында өтеді. Тарихта тұңғыш рет аталған турнирдің ақтық мәресіне жолдама алған "Манчестер Сити" клубы "Реал Мадрид" пен "Челси" жұбының жеңімпазымен жолығады.

 

Н.Әбдірашит                                      

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...