ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ ЛИЦЕЙ АШЫЛДЫ

16:03, 7 қазан 2021

Шымкент қаласында физика-математика бағытын тереңдетіп білім беретін «Intellect» лицейі ашылды. Білім мекемесі 600 орынға арналған. Қазір мұнда жан басына қаржыландыру әдісімен 277 оқушы ақысыз білім алып отыр.

Лицейдің салтанатты ашылуына қатысқан қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Шымкент қаласында 70 мектеп болса, қазір білім мекемелерінің саны 200-ге жуықтағанын, онда 250 мыңға тарта бала білім алып жатқанын айтты.

Шыңғыс Мұқан  - Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары

(Аударма)Соңғы жылдары білім саласына инвесторлар тартылып, жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша жұмыс істейтін жекеменшік мектептер көптеп салынуда. Бүгін сондай білім ұяларының тағы біреуі – «Intellect» физика-математика лицейі. Осының барлығы жас ұрпақтың білімді болуына мемлекеттің айрықша назар аударып отырғанын көрсетеді,

Асар шағынауданында заманауи үлгіде бой көтерген мектеп 5,6,7,8,9 сыныптарға арналған. Жалпы пәндер бойынша қосымша сабақтар жүргізіліп, шахмат, домбыра және тігін үйірмелері де жұмыс істейді. Салтанатты жиында «Ummet» қорының өкілдері оқушыларға мектеп формаларын сыйға тартты.

 

Н.Әбдірашит                                                      

Тақырып бойынша материалдар

БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІК ҚҰРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:23, 26 қараша 2021
БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІК ҚҰРУ...
Толығырақ...
АЙМАҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
20:19, 26 қараша 2021
АЙМАҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНЕ РЕСМИ САПАРЫ
20:14, 26 қараша 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНЕ РЕСМИ САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

13:05, 22 қараша 2021
ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ «ONTUSTIK» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖУРНАЛИСТІМЕН ЖҮЗ...
Толығырақ...
АЛАТАУ АУЫЛ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ
17:29, 22 қараша 2021
АЛАТАУ АУЫЛ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ
Толығырақ...
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
17:38, 24 қараша 2021
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
Толығырақ...