ШҰҒЫЛ! МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН 4 ЖҮРГІЗУШІНІ ҰСТАДЫ. Толығырақ

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН

20:26, 13 желтоқсан 2019

Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелмеген, статусы анықталмаған әлі де 15 мың халық бар. Ал, бұл жаңашылдықтың тиімділігін түсінгендер саны 97,4 пайызды құрап отыр. Бүгін денсаулық сақтау саласының мамандары журналистерді жинап, брифинг берді.

Баяндамаға денсаулық сақтау басқармасының басшысы  мен өңірге іс-сапармен келген ҚР денсаулық сақтау вице-министрі арнайы келді. Сондай-ақ, «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» медициналық университетінің проректоры тағы бар. Бүгінгі есеп жаңашылдықтар мен медициналық сақтандыру жүйесінің бүгінгі жайы. Сөз алып, сақтандырудың насихатталу барысын алға тартқандар медицина мамандарының 75-80 пайызы біліктіліктерін арттырғанын айтады. Сақтандыру жүйесінің мәні мен маңыздылығын терең түсініп, түйгендер бұл. Әлі де көрсеткішті арттырып, ақ халаттылардың жүйені жүйелі түсінуіне жағдай жасалуда.

Асхан Байдувалиев – Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Жалпы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің дұрыс насихатталуына, халықтың жіті түсініп маңыздылығын ұғындыру жолында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгінде миллионды қаланың 667 мың 688 азаматы қамтылған.

 Асхан Байдувалиев – Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы  Дамыған елдердің озық тәжірибесіне сүйеніп жасалған  жаңа жүйенің қос тарапқада табысты болары сөзсіз.  Тұрғындар өзіне ыңғайлы жердегі емханаға тіркеліп, өзі қалаған дәрігердің қабылдауына жазыла алады. Медициналық сақтандыру қоры да кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге қолайлы жағдай жасаудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыруда.

Н. Мұхамеджанұлы

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАНАТ ИСЛАМ МЕН ӘЛІМХАНҰЛЫ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ ҮЗДІК БЕСТІККЕ ЕНДІ
18:10, 21 қаңтар 2020
ҚАНАТ ИСЛАМ МЕН ӘЛІМХАНҰЛЫ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ ҮЗДІК БЕСТІККЕ...
Толығырақ...
МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН 4 ЖҮРГІЗУШІНІ ҰСТАДЫ.
18:08, 21 қаңтар 2020
МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН 4 ЖҮРГІЗУШІНІ ҰСТАДЫ.
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
19:45, 17 қаңтар 2020
ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
Толығырақ...
ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРҒА ҚАТАЛ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ
14:12, 17 қаңтар 2020
ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРҒА ҚАТАЛ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...