ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

МЕКТЕП ПЕН ЖАТАҚХАНА ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮҒА КӘСІПКЕРЛЕР КІРІСТІ

12:31, 9 сәуір 2021

Шымкентте мектеп пен студенттер жатақханасының тапшылығы күн санап артып барады. Статистикаға сүйенсек қазір қалада 25 мың орындық мектеп пен 3 мың орын жатақхана қажет. Ол тапшылықты мемлекет есебінен өтеу қиын. Сондықтан құрылыс жұмыстарына жеке кәсіпкерлер тартылуда. Бұл істе бизнес өкілдері де ұтылмайды. Өйткені, оларға мемлекет тарапынан орын санына қарай қаржы төленеді.

Аталған қаржы жыл сайын айма-ай аударылып отырады. Басты талап ғимараттың құрылыс нормаларына сай болып салынуы. Мәселен, жатақхана болса ондағы орын әр студентке 6 шаршы метрден кем болмауы тиіс. Ал, мектеп ғимараты бала басына шаққанда 2,5 шаршы метрден аз болмауы керек.

Алпамыс Сатыбалдин – ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ Ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры

2:30 Кәсіпкер 50 орындық жатақхана салса, әрбір орынға 35 мың теңге төленеді. Мектеп салатын болса оның капиталдық шығындары төленеді. Одан бөлек операциялық шығындары да төленеді. Капиталдық шығындар 280 мың теңге бір балаға. Операциялық шығындар 470 мыңтеңге.

 

Перизат Ортай                                           

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
17:37, 21 маусым 2021
ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
17:36, 21 маусым 2021
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар