ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ СИМВОЛЫ

15:56, 4 маусым 2021

Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. 1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Ал, бүгінде, егемен ел болған 30 жылда осы ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, құрметін арттыру шаралары қандай деңгейде жүргізіліп келеді? Бұқара бұл туралы жетік біле ме? Рәміздердің тарихы мен саяси мәртебесін әріптесім Перизат Ортай зерттеп көрді.

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ, рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Одан қала, бұл құндылықтардың саяси аренада да алар орны бөлек.

Сәуле Рысбаева – саясаттанушы

Егемен ел болғалы Қазақстанның мемлекеттік туы олимпиадалар мен түрлі халықаралық спорт жарыстарында талай рет желбіреді, Әнұранымыз да талай рет айтылды. Дегенмен, рәміздер мен қатар ана тіліміздің де мәртебесін арттыру – парымыз, дейді Сәуле Рысбаева.

Сәуле Рысбаева – саясаттанушы

халықаралық арена, ана тілі+рәміздер мәртебесі

Мемлекеттік рәміздер – ел дамуының ажырамас бөлігі. Сондықтан қазақстандықтардың осы рәміздерге деген құрметі ерекше сезіліп тұруы тиіс. Рәміздер арқылы елімізді бүкіл әлем таниды. Өйткені онда қазақ халқының бастан өткізген тарихы, мәдениеті мен дәстүрі көрініс береді. Жастардың отансүйгіштік сезімін оятады, патриотизмге үндейді, батылдыққа тәрбиелейді. Осы тұста қала тұрғындары Мемлекеттік рәміздердің маңызын қаншалықты біледі, байқап көрдік.

Осының бәрі - Қазақстанның жаңа тарихының қастерлі беттері. Оның қасиеттілігі сол, Отанның өзі нақ осы Тудан, Елтаңба және ӘнҰраннан бастау алады. Сондықтан, рәміздерді жатқа біліп, қадір-қасиетін ұғыну – әрбір Қазақстандықтың парызы.

 

Перизат Ортай

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...