ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ БАЙҚАУЫ ЖАЛҒАСУДА

17:38, 21 маусым 2021

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына іріктеу жалғасуда. Жауаптылар биыл конкурсқа өтінім білдіргендер қарасы қалың, дейді. Бір ғана Қаратау ауданының өзінен 35-ке жуық жанұя байқауда бақ сынасуға бекінген. Қазіргі таңда олардың ұсыныстары комиссия шешімімен сараланып жатыр.

Ғани Ахметбаевтың есімі ат спортының дүлдүлі ретінде дүйім жұртқа мәлім. Бүгінде осы саланы басқарып отыр. Аты көпшілікке мәлім азамат отбасында да өнегелі әке, аузында өсиеті бар ата. Жұбайы екеуі өмірге 3 перзентті әкеліп, өсірді. Екі келін түсіріп, тынысын кеңейткен. Бүгінде 5 немересі бар.

Ғани Ахметбаев – Шымкент қаласының тұрғыны

Ұл-қыздарын ұлағаттылыққа баулыған отбасының құрылғанына 35 жылға жуықтаған. Ширек ғасырдан астам тарихы бар шаңырақтағы татулықтың негізі төзімділікте, дейді әулеттің отанасы. Шаңырақтың шаттығы мен бақыты әкенің мысы мен ананың мейірімінен құралатынын жеткізді.

Күміскүл Ахметбаева –Шымкент қаласының тұрғыны

Қазақстандағы ат спортының дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтың өмір жолы өзгеге өнеге. Сондықтан Мерейлі отбасы ұлттық конкурсына қатысып жатқан бұл отасына тек сәттілік тілейміз. Жалпы дәстүрлі байқау  былтыр індетке байланысты кейінге қалған болатын. Ағымдағы жылы қайта жанданып, өнегелі отбасыларды көпке үлгі етуде.

 

Д.Өмірзақова                                                                                        

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...