ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНА ІРІКТЕУ ӨТУДЕ

17:44, 17 маусым 2021

Шымкент қаласынан «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына 110 отбасы өтініш білдірген. Биылғы сайыстың бір ерекшелігі түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері де қатысып жатыр. Қазіргі таңда ауданаралық іріктеу өтуде. Отбасылық байқаудың үздіктері қалалық, одан кейін Республикалық кезеңінде бақ сынасады. Мегаполистегі үздік отбасыларды қала күні қарсаңында Мұрат Әйтенов марапаттап, құрмет көрсетеді.

Есентаевтар отбасы ұстаздықты отбасылық кәсіп еткен. Әулеттің үлкені Амангелді ақсақал өзінен өрбіген 5 перзенттің бәріне жоғары білім берді. Бүгінде ұл-қыздарының барлығы қаладағы үздік білім ұяларында дәріс береді. Заман талабына сай, сұранысқа ие мамандар. Бір отбасындағы 8 адамның бірі педагогика ғылымдарының докторы, магистрлері. Өнегелі отбасы ұл –қыздарын білімнен бөлек спорт пен өнерге де баулып отыр.

Амангелді Есентаев – әулеттің үлкені

Отбасындағы тұрақтылықтың негізі өзара түсінісушілік пен кешірімде, дейді отбасы мүшелері. Бүгінде тамырын тереңге жайған әулет жас отбасыларға үлгі болып, отбасылық байқауға қатыспақ ниетте.

Нұрлан Есентаев – сайысқа қатысушы

Конкурсқа қатысуға өтінімді іріктеу мақсатында арнайы комиссия құрылған. Олар отбасының жеткен жетістігі, дәстүр мен жәдігерді жетік білуі отбасының рухани-адамгершілік құндылықтарын таразылай отыра үздіктерді анықтайды. Ал, үздіктер республикалық кезеңде Шымкенттің намысын қорғайды.

 

Д.Өмірзақова                                                                              

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...