ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

14:09, 5 наурыз 2021

Жетісай ауданында мереке қарсаңында қайырымдылық ұйымдастырды. Жыл басынан бері екінші рет өткізіліп отырған шарада 41-ден аса отбасыға азық-түлік таратылды. Игі шараға куә болып қайтқан әріптесіміз тақырыпты толығырақ тарқатсын.

Жылдағы дәстүр бойынша мереке қарсаңында қарсаңында аудандағы 41 көпбалалы аналар мен аз қамтамасыз етілген отбасылардың үйлерін аралап, мейраммен құттықтады. Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастаған ұжым мен демеушілер есебінен бір реттік азық-түлік себеттері табысталып, сый-сияпат жасалды.

Әділхан Әбжанов - Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Мүмкіндігінше қоғамнан қамқорлық күтетін жандарға қолайлы орта қалыптастыруға ықпал жасауымыз қажет. Әлеуметтік жағдайына немесе денсаулығына байланысты ешкім де өзін қоғамнан тыс сезінбеуі керек. Сондықтан да бізден мейірім мен қамқорлық күтетін жандармен тығыз жұмыстар жасаудамыз дейді,- ұйымдастырушылар.

Базаркүл Дүйсебекова - көп балалы ана

Айта кетейік, Жетісай ауданында бүгінгі таңда жалпы 19 344 көпбалалы ана есепке алынса, олардың 7922-сі алтын және күміс алқа иегерлері. 4 және одан да көп балалы аналар саны 11 422 жеткен.

 

НазкенСкандар

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...