ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

МӘСЕЛЕЛЕР ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ

16:34, 7 сәуір 2021

Шымкент қаласының әкімі, Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Дұйсенбекұлының қатысуымен бүгін онлайн форматта партияның кезекті мәжілісі өтті. Жиналыста өткен жылғы және 2021 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айында атқарылған жұмыстар талқыланды.

Жанар Бектаева – «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

жылдың басынан қазірге дейін партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 1645 өтініш түсті. Оның 751-і оң шешімін тапты, 817-іне заңға сәйкес түсінік берілді, 77-і қаралу үстінде.

«Қоғамдық бақылау комиссиясының жұмысына баға беретін – ол халық». Осылай деген қала әкімі  Мұрат Әйтенов комиссия мүшелеріне, ең алдымен қарашаны толғандыратын негізгі мәселелерді шешуді тапсырды. Партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыратын жол картасының өнімді жұмыс істеуіне жұмылуға шақырды.

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

Филиал төрағасы жауаптыларға жемқорлықпен жіті күресуді жүктеді. Сондай-ақ, шаһар басшысы жергілікті тұрғындардың түйткілдерінің оңтайлы шешілуіне және қалалық партия ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге ат салысқан партия белсенділерін арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Мәжілісте тұрғындар онлайн сауал жолдап, кейбірі атқарылып жатқан істер үшін алғыстарын білдірді. Ал, мәселесімен бөлісіп, жағдайын айтқан азаматтардың проблемасы бақылауда болмақ.

 

Перизат Ортай                                           

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:32, 13 сәуір 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
В ГРОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ №2 ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ ВАКЦИНАЦИЯ ГОРОЖАН
18:33, 13 сәуір 2021
В ГРОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ №2 ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ ВАКЦИНАЦИЯ ГОРОЖА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОНКҮНДІК  ШАРАЛАР  ЖЫЛДАРДЫҢ  ЖҮГІН  КӨТЕРУДЕ
14:57, 12 сәуір 2021
ОНКҮНДІК ШАРАЛАР ЖЫЛДАРДЫҢ ЖҮГІН КӨТЕРУДЕ
Толығырақ...
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
16:40, 9 сәуір 2021
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...