ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

18:24, 28 шілде 2020

Шымкентте жедел-жәрдем қызметінен бөлек мобильдік топ тәулік бойы қызмет көрсетіп келеді. Бір ғана №13 қалалық емханада 11 медициналық мобильді бригада жұмыс істейді. Олар үй жағдайында ем алып жатқан науқастардың денсаулығын бақылауда ұстайды. Бір күнде 10-нан астам сырқатты қарап, телефон арқылы да кеңестер береді.

Қаламыздағы №13 емханада науқастарға арналған күндізгі стационар жұмыс істейді. Қазір мұнда келушілер саны әлдеқайда азайды, - дейді дәрігерлер. Ал, үй жағдайында ем алушыларға 11 мобильді топ қызмет етеді. Бригада үшін Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан арнайы көлік бөлінген. Мобильді топ мүшелерінің айтуынша, шақыртулардың басым бөлігі салқын тию, дене қызуының көтерлуі және құрғақ жөтелге байланысты болған. 

Гүлнұр Айтжанова - дәрігер

Мамандар пациенттің үйіне барысымен дене қызуын өлшеп, тамағын қарап, өкпесін тыңдайды. Егер науқастың жағдайы ауыр халде болса, кезекші ауруханаға жеткізеді. Ал, дерттен айыққан азаматтар ақ халаттыларға алғыс айтып, індеттің ілмеуіне ілккендерге өз кеңесін де берді.

Алдаберген Арыстанбеков – Шымкент қаласының тұрғыны

Естеріңізге салып өтейік, маусым айынан бастап Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен, коронавирус пен пневмонияға шалдыққан науқастарға көмек көрсету үшін мобильді бригадалар жұмысын бастады. Қаламызда емханалар жанынан құрылған 58 мобильді топ бүгінгі күнге дейін 15000 науқасқа үйге арналған медициналық көмек көрсеткен. Атқарылған жұмыстар қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына өз әсерін тигізді.

Перизат Ортай                           

Тақырып бойынша материалдар

ПАРЛАМЕНТ ЖЕРДІ ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ САТПАУДЫ КӨЗДЕЙТІН ЗАҢ ЖОБАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
19:32, 5 мамыр 2021
ПАРЛАМЕНТ ЖЕРДІ ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ САТПАУДЫ КӨЗДЕЙТІН ЗАҢ ЖОБАСЫН...
Толығырақ...
2021-2023 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТ НАҚТЫЛАНДЫ
19:07, 5 мамыр 2021
2021-2023 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТ НАҚТЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАНҒА БАРУҒА КЕҢЕС БЕРДІ
13:36, 29 сәуір 2021
ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАНҒА БАРУҒА КЕҢЕС БЕРДІ
Толығырақ...