ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

МОБИЛЬДІ ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

12:42, 9 сәуір 2021

Сары аймаққа енген миллионды қалада мобильді топтардың жұмыстары күшейтілуде. Қазіргі таңда шаһар бойынша 22 мобилді топ жұмыс атқаруда. Олар адамдар көп шоғырланатын жерлерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Қаратау ауданы бойынша  карантин шараларын сақтауды қадағалайтын 6 мобильді топ жұмыс жасауда. Олар аладымен, аудан аумағындағы адамдар көп шоғырланатын жерлерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Азамат Парманов бастаған топ мүшелері адам қарасы көп жиналатын «Даймонд плаза», «Метро» сауда орталықтарында болып санитарлық талаптардың орындалу барысын бақылады.

Азамат Парманов – Қаратау ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы

Қаратау  ауданы бойынша жыл басынан бері 1000 астам кәсіпкерлік нысанға карантин талаптарының сақталуы аясында тексеріс жұмыстары жүргізіліп 297 хаттама толтырылған екен. Осы орайда, жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерге 14 мил 500 теңге көлемінде айыппұл салыныпты. Арасында 9 нысанның ісі сотқа дейін жетіпті.  «Біз санитарлық талапты қатаң сақтанғанымызбен, келушілердің тарапынан бетперделік тәртіпке бағынғысы келмейтіндер кездесіп жатады», дейді – сауда орталығының басшысы.

Нұржан Дәулетбаев – «Diamond plaza» сауда орталығының директоры

8 сәуірдегі ресми мәліметке жүгінетін болсақ, бір тәулікте шаһардағы 339 нысанға тексеру жұмыстары жүргізіліп, оның 17 –інде каранатин талаптары бұзылғандығы анықталған. Ал, жыл басынан бері қалада короновирус инфекциясын жұқтырған 1719 адам анықталыпты. Өткен тәуліктің өзінде 72 науқас тіркелген.

 

Г.Асқарқызы                              

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
17:37, 21 маусым 2021
ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
17:36, 21 маусым 2021
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар