ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

МҰҒАЛІМДЕР ЖЕТІСПЕУШІЛІГНЕ ҚАТЫСТЫ АРНАЙЫ БАҒДАРЛАМА ӘЗІРЛЕНБЕК

16:18, 13 қаңтар 2022

Мұғалімдер жетіспеушілігін реттеуге қатысты арнайы бағдарлама әзірленбек. Ұстаздар тапшы өңірлерге педагог тарту үшін министрлік осындай бастама көтерді. Оларды әлеуметтік қолдау шаралары да қарастырылады. Күні кеше Президент тапсырған бұл мәселе бүгін үкімет отырысында талқыға салынды.

Елімізде мұғалімдер тапшы. Әсіресе, Атырау, Алматы, Маңғыстау, Түркістан облыстарында жетіспейді. Алыс жақын ауылдық мектептерге физика, математика, бастауыш сынып мұғалімдері қажет. Қазір осы проблеманы шешу үшін арнайы бағдарлама әзірленеді.

 

ГҮЛЖАМАЛ ШӘКЕНОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ, ЖАҢААРҚА АУДАНЫ ҚАРААҒАШ АУЫЛЫ ЫНТАЛЫ ЖАЛПЫ ОРТА  МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Министрдің сөзінше, бағдарлама талабына сәйкес оқуын үздік бітірген педагогтер осы бағдарламаға қатыса алады. Олар ештеңеден тарықпайды, әлеуметтік тұрғыда барынша қолдау жасалады.

 

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ,  ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ 00:25 жоғары оқу орнын бітірген ең үздік педагогтер тартылады. Осы педагогтерге арнайы әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады. Соның ішінде жалақыны арттыру бойынша тиісті коэффицент белгілеу, тұратын үйінің төлемін өтеу немесе коммуналдық қызметтер төлемін өтеу сияқты ынталандыру шаралары қарастырылуда

Елімізде шетелдік беделді университеттердің 5 филиалы ашылады –деді министр.. Қазірдің өзінде Ұлыбританиялық жоғары оқу орнының филиалын ашу жұмысы басталып та кетті. Аризона университетімен де меморандум жасалды. Тағы екеуі техникалық бағытта батыс өңірінде есігін айқара ашпақ.

Халқы тығыз орналасқан өңірлер мен білім беру саласында алшақтық бар аймақтарға қолдау күшейеді. Биыл  нысаналы грант бөлу жоспарланып отыр.
 

РАУШАН САЙЛАУҚЫЗЫ, ТІЛШІ Жиында Техникалық мамандыққа да басымдық берілеті айтылды.  Президенттің пәрменімен оларға бөлінетін грант саны биыл 60 пайызға дейін артады.  Сондай-ақ Мемлекет басшысының кеше берген тапсырмасына сәйкес қызмет жолында мерт болған мамандардың балаларын тегін оқтыу мәселесі қарастырылып жатыр деді министр.

РАУШАН САЙЛАУҚЫЗЫ, АҚМАРЖАН ҒАФИЗҚЫЗЫ ҚҰТ  

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...