ШҰҒЫЛ! ОНКОЛОГТАР ПЫШАҚСЫЗ ОТА ЖАСАУДА Толығырақ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚОЛАРБА БЕРДІ

13:32, 27 қараша 2020

Шардара ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау шаралары қарқынды түрде жүргізілуде. Аймақта жалпы өздігінен жүріп-тұруы қиын 3 273 азамат тіркелген. Оның ішінде 256 адам 1-топтағы 1147 адам 2-топта болса 1327 адам 3-топта және 492-і 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар.

Бүгінгі таңға дейін мүмкіндігі шектеулі азаматтардан 1547 өтініш түсіп, 957 өтініш қанағаттандырылды. Әсіресе, протездік-ортопедиялық, тифлотехникалық, гигиеналық, сурдоқұралдарға және қоларбаларға өтініштер көптеп түскен. Сұранысты қанағаттандыру бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Жоламан Тұрлыбеков  - Шардара ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Сондай-ақ, жыл соңына дейін өтініш берген барлық мүмкіндігі шектеулі азаматтар толығымен қоларбамен қамтамасыз етіледі. Оған қоса, санаторий-курорттық емделуге 271 азаматтың өтініші қанағаттандырылған. Бұдан басқа, облыстық басқарма тарапынан қосымша санаторий-курорттық емделуге 100 жолдама бөлініп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға таратылуда. Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылып, аудан бойынша 105 мүмкіндігі шектеулі азаматтар 26 437 құралға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс берген болатын.

 

Ә. Дәулетбекқызы                                                      

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛАДАҒЫ ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПТЫ ДЕҢГЕЙГЕ КЕЛТІРІЛДІ
17:22, 22 қаңтар 2021
ҚАЛАДАҒЫ ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПТЫ ДЕҢГЕЙГЕ КЕЛТІРІЛДІ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ АҚ ТҮТЕК БОРАННЫҢ САЛДАРЫНАН ЖОЛДА ҚАЛҒАН АЗАМАТТАРҒА КӨМЕКТЕСУДЕ
17:21, 22 қаңтар 2021
ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ АҚ ТҮТЕК БОРАННЫҢ САЛДАРЫНАН ЖОЛДА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ЖАНАР БЕКТАЕВА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:08, 21 қаңтар 2021
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІ...
Толығырақ...