ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

МҮМКІНДІК ШЕКТЕЛМЕСІН...

17:07, 9 қыркүйек 2021

«Рахмет саған Анашым!»... Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді. Онда 18 жастан асқан қамкөңіл жандарға жан-жақты көмек көрсетіледі. Бүгін аталмыш орталықта "Имандылық - жүрекке ұяласа" атты іс-шара ұйымдастырылды.

 «Рахмет саған Анашым!»... Осылай аталатын орталықтың ашылғанына алты айдың жүзі болыпты. Жығылғанға демеу, сүрінгенге сүйеу болған бұл жер қазір жүздеген мүгедектің ыстық мекеніне айналды. Салтанатты шараға шақырту алғандар, орталықтың керек-жарағын түгендеп берген.

Гүлайым Шұңғараева – Шымкент қалалық мәслихатының депутаты

Орталықта мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған түрлі жаттығу тренажерлары бар. Дене қимылын қалпына келтіретін құрылғылармен қамтылған. Әзірге мұнда логопед, дефектолог, психолог және ЛФК маманы сынды 9 қызметкер жұмыс істейді.

Алмагүл Кенжетаева - «Рахмет саған Анашым!» қоғамдық бірлестігінің  төрайымы

Ал, Нағима Тілегенова бауыр еті баласын күн сайын осында жетектеп алып келеді. Жиырма бестегі Жаһангердің дене бітімі қалыпты болғанмен, сөйлеу қабілеті жетілмеген. Қамкөңіл ананың айтуынша, орталыққа келгелі ұлының көңіл-күйі көтеріліп, өзін-өзі ұстауы өзгерген.

Нағима Тілегенова – Шымкент қаласының тұрғыны

Орталыққа келушілер бұл күні бір сәтке сергіп қалды. Эстрада жұлдыздары көңілі жарым жандарды әсем әннің бесігінде тербеді.

Интершум:

Бақыт Нәдірбекова - Шымкент қаласының тұрғыны

Мүмкіндік шектеліп қалмауы керек. Өйткені олар қоғамның бір бөлшегі. Мұнда келген азаматтар түрлі мамандардың қызметін алады. Тіпті, жазу-сызуды. Оқуды үйретеді. Сурет салуға баулиды.  Ең бастысы мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамға керек екенін сезінеді.

 

Г. Қалмырзақызы                                           

Тақырып бойынша материалдар

БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
17:50, 17 қыркүйек 2021
БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА  ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
16:34, 17 қыркүйек 2021
ТҮРКІСТАНДА ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...