ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

НӘТИЖЕ САРАЛАНЫП, МІНДЕТТЕР МЕЖЕЛЕНДІ

16:57, 13 қазан 2021

Соңғы 3 жылда атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде Түркістан қаласын дамытудың бірінші кезеңі аяқталып, негізгі әлеуметтік инфрақұрылымы қаланды. Осы уақыт ішінде 445 млрд. теңгеге жаңа 257 нысанның құрылысы жүргізілді. Сонымен қатар Түркістан облысында биыл 60 сумен жабдықтау нысандарының құрылысына бюджеттен жалпы 12,7 млрд. теңге бөлініп, ауыз сумен қамтылған елді мекендердің жалпы саны 710 жетіп, қамту көрсеткіші 93,3% құрайды деп жоспарлануда. Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев осылай деді. Сессияның күн тәртібінде облыс басшысының өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерін орындауы туралы есебі тыңдалды.

Таза сумен қамтамасыз ету мақсатында Қазығұрт ауданында Өгем өзенінде каскадты ГЭСпен бірге су құбырының құрылысы жобасы іске асырылады. Жоба құны 130 млрд.теңге. іске асыру мерзімі 2021-2025 жылдар. Құрылыс барысында 500 жұмыс орны ашылады. Бюджет қаржысы есебінен техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. Жоба іске асырылғанда облыста оңтүстік аймақтарындағы 1 млн. адамды тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы алдағы 5 жылда елді мекендерді 100% ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Өмірзақ Шөкеев - Түркістан облысының әкімі

Ағымдағы жылы 100-ге жуық табиғи газ нысанының құрылысын жүргізуге бюджеттен 14,4 млрд. теңге бөлінді. Жылдың қорытындысымен 13 нысанның құрылысын аяқтап, жалпы газбен қамтылған елді мекендер саны 444 жеткізу жоспарлануда. Қақпақ, Таскескен АГРС іске қосылып, Қазығұрт және Сарыағаш аудандарында 13 елді мекенге газ қосылды. 5 жылда газбен қамту деңгейін 85,4% жеткізу немесе 722 елді мекенге қамтамасыз ету жоспарлануда.

Өмірзақ Шөкеев - Түркістан облысының әкімі

Сонымен қатар, 2021 жылға арналған облыс бюджетінің көлемі 2 есе өсіп, 1,1 трлн. теңгені құрағандығын айтып өтті. Облыс басшысы барлық сала бойынша жеке-жеке тоқталып, қол жеткізген көрсеткіштермен бөлісті. Өз кезегінде, Өмірзақ Естайұлының есебіне мәслихат депутаттары жоғары баға беріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕГІ НЫСАНДАР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛУІ МҮМКІН
15:49, 26 қазан 2021
ШЫМКЕНТТЕГІ НЫСАНДАР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛУІ...
Толығырақ...
СУ ҚОЙМА ҚОЖАЙЫНДАРЫ БАЛЫҚШЫЛАР ТАЛАБЫНА ЖАУАП БЕРДІ
15:48, 26 қазан 2021
СУ ҚОЙМА ҚОЖАЙЫНДАРЫ БАЛЫҚШЫЛАР ТАЛАБЫНА ЖАУАП БЕРДІ
Толығырақ...
ТӘЙ ТӘЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
15:47, 26 қазан 2021
ТӘЙ ТӘЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ-2021» БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
12:24, 25 қазан 2021
«КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ-2021» БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ ҚАЙТА МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫ
16:47, 22 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ ҚАЙТА МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
16:46, 22 қазан 2021
ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...