ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

14:10, 16 қараша 2020

«NUR OTAN» партиясы Түркістан облыстық филиалының саяси кеңесі бюросының мәжілісі өтті. Көне шаһарда өткен бұл жиында филиалдың кезектен тыс XL (40) коференциясының күн тәртібі мен дебатқа түсетін қатысушылардың тізімі бекітілді. Ұйымдастырушылар облыстық маслихатқа ұсынылатын үміткерлердің тізімі праймериз ережесіне сай жасақталғанын айтты.

Облыстық маслихаттың депутаттығына 1 орынға 2 үміткер ұстанымымен тізім дайындалған болатын. Қазіргі таңда 90 үміткер бар. Оның 76-сы аудан қалалардан жоғары дауыс жинаған үміткерлер болса, 14-і облыстық филиал төрағасының квотасы арқылы өтіп отыр. Қазақстан Республикасының заңдарының негізінде облыстық маслихаттағы 45 мандаттың 30 пайызы әйелдер, 20 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар. Конференцияның күн тәртібінде партияның сайлауалды бағдарламасын бекіту, үміткерлер үшін дауыс беру және кандидаттардың партиялық тізімін бекіту мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX съезіне делегаттарды сайлау жоспарланған. Ұйымдастырушылар осы конференциядан кейін Түркістан облысы бойынша «Nur Otan» партиясының кадрлық резерв тізімі толық жасақталатынын мәлімдеді.

Ернұр Бөбеев                                                                                  

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...