ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МАҚТААРАЛДЫҚ ӨКІЛДЕРІ БАС БІРІКТІРДІ

14:12, 16 қараша 2020

Мырзакент кентінде «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының кезектен тыс 38-ші конференциясы болып өтті. Конференцияны аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық партия филиалының төрағасы ашып берді. Сондай - ақ Конференция жұмысын жүргізу үшін әуелі басшылық органдары, жұмысшы төралқасы, мандат және есеп комиссияларымен конференция хатшылығы сайланды

Конференция күн тәртібіне сәйкес жүргізілді. Нақытарқ айтар болсақ бірінші мәселе бойынша   «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы  төрағасының бірінші орынбасары хабарлама жасап, партияның Мақтаарал ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Сонымен қатар облыстық партиялық кандидаттар тізіміне үміткерлер арасында ашық қоғамдық пікір-сайыс ұйымдастырылып, сайлау алды бағдарламаларына тоқтала кетті.

Нұргүл Абдразакова – «Атамекен»  ҰКП Мақтаарал аудандық филиалының директоры

 Сайлауалды бағдарламам Нұр Отан бизнесін толғандыратын келесі міндеттер мен мәселелерді жүзеге асыруды қамтиды. Елімізде пандемия салдарынан  мемлекет көптеген қызмет органдардың  әлсіз осал тұстарын  атап көрсетіп берді.  Бірінші, медицина қызметінің әлсіз осал тұстары.  Ал, екінші балалардың барлығы онлайн сабақ өтіп, цифрландыруға өтуі. Қандай да бір мемлекеттің бәсекеге қабілеттігінарттыру үшін    ең алдымен меплекеттің кәсіпкерлік саласын, оның ішінде ауылшаруашылығы саласын  дамыту қажет деп ойлаймын.  Осыған байланысты аудандарды  агробіліктілік орталықтар ашу  арқылы ауылшаруашылық өнімділігін тиімділігін арттыруға болады.


Жиын барысында конференция делегаттары «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы облыстық үміткерлерге дауыс берді. Сондай ақ  праймериз ережесіне сай әйелдер қауымы мен жастардың да үлес салмағы тең қарастырылған.
Досым Асабаев - «Nur Otan»  партиясы Мақтаарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

30 % әйелдер, 20 %  жастар  квотасын сақтау үшін  төмендегі кандидаттар орнына  тиісті деңгейдегі мәслихаттар орнын есептей отырып,  жастар арасында ең көп дауыс жинаған  кандидаттар алынады.  Нұр Отан партиясының праймеризді өткізу ережесіне сай,
барлық деңгейлерддегі мәслихаттарға арналған партиялық тізім  қорытындылар ыбойынша партия кандиттары  төрағаларының аудандық  квотасынын қалыптасатыны  көрсетілген.  Осы формат негізінде  тиісті мәслихаттағы мандаттар санын есептей отырып,  30
 % квотасы қалыптастырылады.
 

 «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының кезектен тыс 38-ші конференциясына партия ардагерлеріде қатысты. Олар  Праймериздің облыстық үміткерлеріне сәттілік тіледі.
Абдіманап Байдуллаев - «Nur Otan»  партиясының ардагері

Саяси науқанда ел-халық мүдделерін қорғайтын   аптал азаматтар мен азаматшаларларға біз бір кісідей дауыс бердік.  Бүгінгі таңда біз сайлаған үміткерлеріміз елдің халықтың  игілікті ісіне қолдау жасайтынына сеніміміз кәміл. Сондықтанда береке мен бірлігі жарасқан Мақтаралдық бауырларымызға үлкен табыс тілейміз.


К. Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...