ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

НҰРШУАҚ ШАҒЫНАУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

17:45, 17 маусым 2021

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың инфрақұрылым жүйелері жүргізіліп жатқан шағынаудандардың тұрғындарына атқарылып жатқан жұмыстарды түсіндіру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Абай ауданы Нұршуақ шағынауданының тұрғындарымен кездесу өтті. Жиында жаңадан бой түзеген елдімекендегі проблемалар айтылып, оны шешу жолдары қарастырылды.

Кездесуге аудан әкімі Бұхарбай Парманов, қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Болатбеков, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов және қалалық мәслихаттың депутаттары қатысты. Кездесуде шағынауданда атқарылып жатқан инфрақұрылым жүйелері бойынша салалық басқарма басшыларының өздері тұрғындардың сауалына жауап берді.

Бүгінгі таңда мұндағы тұрғындар тасымал суын ішіп отыр. Оларға «ЛТД Тұрмыс» ЖШС мен «Build Stroi» ЖШС мекемелері тарапынан аптасына екі рет 300-ге жуық үйге су жеткізілуде. Ал, «Троя» ЖШС тарапынан 150 тұрғын үйге жеке меншік ауыз су жүйесі тартылып, қалған үйлерге ұңғымадан су берілуде. Мемлекеттік ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында «Бесқара» ЖШС тарапынан ішкі ауыз су жүйелеріне құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Дәл қазіргі таңдағы құрылысы жүріп жатқан Асар шағынауданынан Нұршуақ шағынауданына дейінгі магистралды су құбырының жұмысы аяқталса елдімекен халқы сапалы таза ауыз жүйесіне түгелімен қосылатын болады.  

Бұхарбай Парманов – Абай ауданының әкімі

Ал, электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстарын жүргізетін жеңімпаз мекеме анықталды, құрылыс шілдеде басталады. Қазір мемлекеттік электр жүйесі 4 көшеге жүргізіліп, 234 үй қамтылған. Қалған 32 көшедегі, 441 үйге жеке меншік жүйе тартылған. Шағын ауданның 2-ші бөлігінде әкімдік тарапынан 4 трансформатор орнатылып, 300-ге жуық үй қосылған. Сонымен қатар, сапалы табиғи газбен қамтамасыз ету үшін  жобалау-сметалық құжаттар әзірленуде. Жобаны осы жылдың 2-жартыжылдығында аяқтау жоспарланып отыр екен.

Рахманберді Ешимов – Нұршуақ шағынауданының тұрғыны

Шалғайдағы шағынауданға инфрақұрылым жүйелері тартылса жол мәселесі де шешімін таппақ. Ал, биылға шағал тас төсау жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан былтыр 15 көшеге 11 мың метр шағал тас төселген. Енді биыл 15 көшеге 6 650 метр жолға шағал тас төселмек.

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...