ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ ШТАБ ТӨРАҒАСЫ АУДАНДА БОЛДЫ

13:27, 4 мамыр 2021

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев Отырар ауданында болды

Төраға онда білім саласының мамандары мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде негізінен парасаттылық принциптері сөз болды. Сонымен қатар әділетті қоғам құру арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі айтылды. Ол жайында баяндаған Ерұлан Тұңғышбаев бармақ басты, көз қысты әрекеттердің жолын кесу мақсатында Агенттік тарапынан жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ, басқосуда жиналғандарға 5 сәуірі күні толық күшіне енген еліміздің Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексі туралы да түсіндірілді. Айтып өтейік аталған кодексте заңсыз сыйақы, сыйлық алу, беру әрекеттеріне қомақты айыппұл салу қарастырылған. Осыны алға тартқан төраға қызметкерлерді сыбайластықтан барынша аулақ болуға шақырды.Жиынсоңындасыбайласжемқорлықмәселелерібойыншаұсыныс-пікірлертыңдалды.

 

М. Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...