ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ ЖАҢҒЫРДЫ

12:48, 17 ақпан 2021

Шымкенттің шығыс бөлігінде өткен жылы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру, балалар ойын алаңшаларын орнату, спорт алаңшаларын жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілді. Осы орайда, жекеменшік әріптестіктің аясында атқарылған жұмыстарды ауыз толтырып айтуға болады. Сондай-ақ, тозығы жетіп тот басқан есік алдындағы әткеншектерде заман талабына сай жаңартылды.

Осы уақытқа дейін көрші үйлердің ауласын жағалап келген Нұрсәттің кішкентай ғана тұрғындары енді өз үйлерінің алдында  асыр салып ойнап жүр. Есік алдындағы  балаларына қазір ата-аналарда алаңсыз. Заман талабына сай салынған мұндағы ойын алаңшалары, бүлдіршін өміріне қауіпсіз. 

Абзал Әбілов  - Нұрсәт ықшамауданының тұрғыны

Қаратау аудандағы 139 көпқабаттың үйдің  57 ауласындағы балалар ойын алаңы мен спорттық жаттығу тренажерлары және 20 спорт алаңшасын салу мен күтіп ұстау мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүргізілді. Ал, тозығы жеткен Нұрсәттағы 8 аула толық абаттандырылып, балалар ойын элементтері мен жаттығу тренажерлары орнатылған.

Еркін Дүйсенбайұлы – «Аманта груп» ЖШС өкілі

Биыл жас ауданда 30 ойын алаңшасын салу жоспарлануда. Атап айтқанда, олар жаңа шағынаудандардан яғни, Тұран, Шымкенсити, Асардағы көпқабатты  үй аулаларынан бой түземек. Сондай-ақ, ағымдағы жылы ауданда 10 спорт алаңшасы салынып, тозығы жеткен 13 ашық спорт алаңы жөнделеді деп күтілуде.

 

Г.Асқарқызы                                          

Тақырып бойынша материалдар

ТУРИСТЕРДІ ТАҢ ҚАЛДЫРАТЫН НЫСАНДАР САЛЫНУДА
18:54, 2 наурыз 2021
ТУРИСТЕРДІ ТАҢ ҚАЛДЫРАТЫН НЫСАНДАР САЛЫНУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕН ҚҰЛАН ТАЗА АЙЫҒУҒА БОЛАДЫ
14:59, 26 ақпан 2021
ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕН ҚҰЛАН ТАЗА АЙЫҒУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...
ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ :  ҚАЗАҚ   ХАЛҚЫНА  МЫҢ  АЛҒЫС !
15:06, 26 ақпан 2021
ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ : ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА МЫҢ АЛҒЫС !
Толығырақ...