ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ӨКПЕСІНІҢ 98 ПАЙЫЗЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН ЖҮКТІ ӘЙЕЛ АУРУХАНАДАН ШЫҚТЫ

17:15, 11 маусым 2021

Жағымды жаңалық! Шымкентте коронавирустан өкпесінің 98 пайызы зақымдалған жүкті әйел бүгін ауруханадан сауығып шықты. Жадыра Баймаханова осыдан екі ай бұрын жағдайы күрт нашарлап, дене қызуы көтеріліп ауруханаға түскен. Толық тексеруден соң пневмонияға шалдыққаны анықталды. Қауіпті инфекция жұқтырған аяғы ауыр ананы инфекциялық госпитальде босандырып алған. 50 күн бойы емделген әйелдің денсаулығы жақсарып, ауруханадан шықты.

38 жастағы жүкті әйел қалалық жұқпалы аурулар орталығына 2021 жылдың 20-сәуір күні жеткізілген. Арада төрт күн өтіп жүкті әйелдің жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне жатқызылған. Ал 27-сәуір күні ішіндегі баласының жағдайы ауыр болуына байланысты қалалық переинаталдық орталықтың дәрігерлер командасы шұғыл түрде «кесір тілігі» арқылы әйелді босандырып алған. Отадан кейін жаңа туған шақалақты дәрігерлер жылжымалы қондырғының көмегімен өздерімен бірге перзентханаға жеткізді.

Айжан Бейсенгирова  - қалалық инфекциялық орталықтың дәрігері

Науқастың денсаулығы нашарлап, өкпе зақымдануы 98 пайызға жетуіне байланысты республикалық дәрежеде дәрігерлер консилиумі өткізілген. Нәтижесінде науқасқа ЭКМО аппараты қосылған. Дәрігерлердің айтуынша, ЭКМО аппараты ауыр халдегі науқастарды емдеуде нәтиже болмаған жағдайда қолданылады. Бұл құрылғы науқасқа дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік берген. 

Жадыра Баймаханова – қала тұрғыны

Осы аппаратпен жүргізілген емнің арқасында жаңа босанған әйелдің жағдайы жақсарған. Айта өтейік, науқастың өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер екі айға жуық  үздіксіз ем жүргізді. Осылайша денсаулығы қалыпқа келген ана ауруханадан емделіп шықты.

 

Назкен Скандар                                                                    

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
17:37, 21 маусым 2021
ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
17:36, 21 маусым 2021
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар