ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

15:06, 20 қаңтар 2021

Екінші семестрден бастап колледж студенттері дәстүрлі оқу форматына көшті. Десекте, барлығы емес, тек 1-ші курстар ғана. Қазіргі таңда қаладағы оқу орындарында карантин талаптары қалай сақталып жатыр? Студенттер қалай білім алуда?

Жаңа оқу жылы басталғалы студенттердің онлайн оқығанына 4 жарым айдың жүзі болды.  Қашықтықтан білім  алған студенттер бұл жүйеден әбден шаршаған. Енді міне бүгін оқу орнына келіп, мұғалімдерімен танысып жатқан тәлімгерлердің қуанышында шек жоқ.

Өмірбек Поштаев - студент

Төрт  жарым ай үйде жатып оқыдық. Осы онлайн режимі болып. Қазіргі таңда офлайн режимі болғанына қатты қуаныштымын. Группаластарыммен апайлармен танысқаныма өте қатты қуаныштымын.

Бүгінгі таңда  колледждерде карантин талаптары қатаң сақталған. Антисептик, температура өлшейтін құрылғымен қамтылған. Бұдан бөлек, кабинетттерде 45 миунт сайын ауаны тазарту үшін арнайы кварцтар орнатылған.

Қуаныш Құлсейіт - мұғалім

Алдыңғы жылы марттан бері дистанционный жүргенде балдар колледжді сағынған. Оқудың түрі басқаша. Бүкіл санитарлық жағдайды сақтап балалар кеіп жатыр. 01:23 Сабаққа шыққан дұрыс деп ойлаймын өз ойым. Өйткені колледжді сағынады. Жалпы колледждің атмосферасы басқа ғой.

Ұстаздардың айтуынша, студенттер дәртүрлі оқу жүйесін әбден сағынған. Әсіресе, 1-ші курстар үшін мұндай формат қиындық туғызған. Бірі мұғаліммен кері байланысқа түсе алмай әбігерге түссе, енді бірі қатарластарына ілесе алмай, артта қалып қойған.  

Берік Ешимов – Колледж директорының оқу тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Санитарлық нормаға сай балаларды кіші топтарға 25 баланы 2 топқа бөліп, 12-13 баладан отырғызып сабақты өткізіп жатырмыз. Қазіргі таңда 2 топ сабақта. 3 тобымыз іс-тәжірибелік практикада, мекемелерге кеткен. Құдай қаласа 1 ақпаннан бастап басқа студенттерді оқытамыз....

Айта кету керек,  2-ші, 3-ші 4-ші курс студенттері қашықтықтан оқуды жалғастырады.  Олармен колледж  мұғалімдері  үнемі байланыста. Ал, алдағы уақытта 1 курс студенттері түгел колледжге келіп білім алатын болады. Ол үшін арнайы кабинеттер дайындалуда.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...