
Шымкенттегі бастауыш сынып оқушыларын бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамту басталып кетті. Сондай-ақ, жағдайы төмен жоғары сынып шәкірттеріне де баяғысынша, тегін ас-ауқат беріледі. Ол үшін оқу жылына жергілікті бюджеттен 8 миллиард 327 миллион теңге бөлінген.
Осылайша Шымкенттің 172 мыңнан астам оқушысына үш күннен бері ыстық тамақ беріліп жатыр. Оның 103 мыңнан көбі бастауыш сыныпта оқиды. Балалардың ыстық тамақпен қамтылуы үшін алдын-ала жоспар түзіліп, түрлі ас мәзірі бекітілген. Одан бөлек шәйі мен сусыны, наны мен жеміс-жидегі қоса беріледі. Әр баланың бір реттік тамағы үшін бюджет есебінен - 485 теңге қаралған.
Жанат Тәжиева – Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы
Білім басқармасының басшысы алдағы 10 күннің ішінде жаңа цифрлық жүйенің игілігін ел көреді, - дейді. Яғни арнайы мобильдік қосымша арқылы балаңыздың тамағын қадағалап, қайда немен айналысып отырғанын бақылауға мүмкіндік жасалатынын айтады.
Жанат Тәжиева – Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы
Игі бастамаға қуанғандар қатары көп. Әзірге бұл жоба үш жылға бекітілген. Дегенмен, әрмен қарай да қаржы қаралып, жалғасын табады, - дейді жауаптылар.
Перизат Ортай