ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ОҚУШЫЛАРҒА ЕКПЕ САЛУ БАСТАЛДЫ

17:56, 15 қараша 2021

Мектеп оқушыларына Covid – 19 инфекциясына қарсы вакцина салу басталды. Ол үшін Шымкентке АҚШ-да өндірілген Pfizer вакцинасының 46 800 дозасы жеткізіліпті. Вирусқа қарсы екпенің бұл түрі сондай-ақ, жүкті әйелдер мен емізулі аналарға да егіледі екен.

Бүгіннен бастап қаланың білім ошақтарына арнайы тоңазытқышта жеткізілген вирусқа қарсы препарат оқушыларға егіле бастады. Pfizerді алғашқылардың бірі болып салдыруға ниеттенген №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының 11 сынып оқушысы Мерей Алдаберген алдын-ала ата-анасынан рұқсат алғанын айтады.

Мерей Алдаберген - №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының 11 сынып оқушысы 6122 00:13 – 00:30

Оқушы вирусқа қарсы вакцинаны тек ата-анасының келісімімен салдыра алады. Егер де жанұясында анасы немесе әкесі қарсы болса балаға екпе егілмейді. Мектепте салынып жатқан вакцинаға бүгін келісім берген шәкірттердің ата-анасы міндетті түрде қатыстырылды.

Рауан Алдаберген – М. Алдабергеннің ағасы  

АҚШ өндірілген Pfizer вакцинасы біздің елде 12 жастан бастап салынатын болып бікітілген. Сондай-ақ, вирусқа қарсы екпенің бұл түрі  жүкті әйелдер мен көкіректегі нәрестесі бар аналарғада тағайындалыпты. Егер де екпе салдыруға құлық танытпағандарға ешқандай қысым көрсетілмейді, дейді   №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының директоры Роза Жаңабаева.

Роза Жаңабаева - №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының директоры 

Қаладағы білім ошақтарына арнайы шақырту арқылы жеткізіліп жатқан вакцинаның бұл түрін, оқушылар мен жүкті және емізулі аналар тұрғылықты жері бойынша тіркелген емханаларынан да салдыруға мүмкіндік бар. Осы орайда, шымкенттің бас дәрігері Бақытжан Позилов әлемдік деңгейде мойындалған Pfizer вакцинасы ешқандай кері әсерін тигізбейтінін тілге тиек етті.

Бақытжан Позилов – Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы 

Шымкентке  Pfizer вакцинасының бас-аяғы 46 800 дозасы жеткізіліпті. Бұл ретте 12 жастан асқан оқушылар мен аяғы ауыр аналарға, сондай-ақ, көкіректе сәбиі бар әйелдерге түгелімен жеткілікті көрінеді. Әрине, екпе егу жұмыстары тек келісім арқылы жүргізілетінін естеріңізге саламыз.   

.

  

Г.Асқарқызы                              

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 348 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
13:49, 24 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 348 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
Толығырақ...
ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ
13:46, 24 мамыр 2022
ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА ТІРКЕТЕ АЛАДЫ
17:39, 17 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА...
Толығырақ...
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...