
Өзгелерге өмір сыйлауды, адамдық парыз санайтын шымкенттің іскер әйелдері бүгін игі бастаманы қолға алды. Таң сәріден қан орталығына қарай ағылған нәзік жандылар «Өмір тамшысы» деп аталатын акция аясында қан тапсырды. Жұмыстан бір сәткеде қолдары босай бермейтін арулардың арасында, алғаш рет донор болып отырғандарыда бар екен.
Қостанайлық қыз-келіншектерден эстафетаны қабылдап алған шымкенттің іскер әйелдері бүгін қан орталығына қарай бет алды. «Өмір тамшысы» атты акция аясында донор болып қан тапсырған арулар игі бастаманы үш күн бойында жалғастырмақ ниетте.
Алма Архабаева – Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы
Меруерт Сатыбалдықызы 26 жылдан бері медицина саласында қызмет етіп келеді. Бүгінде жеке клиниканы басқарып отырған кәсіпкер келіншек, өмірінде алғаш рет қан тапсырып, донор атанып отыр. Игі істі әрмен қарай жалғастыруды көздеп отырған іскер ару, жақсылық жасаймын деген жанға жоқтықта кедергі болмайды, дейді.
Меруерт Сатыбалдықызы – «INTERTEACH» клиникасының директоры
Шымкенттік іскер әйелдер кеңесінде, әзірге деп айтайық 100 жуық мүше бар. Олардың жартысына жуығы акцияның алғашқы күнінде атсалысса, қалғандарыда қапы қалмаймыз деп отыр екен. Өзгелерге өмір сыйлауға асыққан нәзік жандылардың бұл бастамалы өзгелерге де үлгі болса игі.
Г.Асқарқызы