ШҰҒЫЛ! ЛИЦЕНЗИЯСЫЗ ДӘРІ САТҚАНДАР АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛҒАН БІРҚАТАР НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ

18:14, 9 шілде 2020

Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы құрылысы аяқталған бірқатар нысанды аралады. Құрылысы аяқталған нысандардың жұмыс барысын тексерген облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы ең бастысы, жұмысшылардың сақтық шараларын бақылауды тапсырды.

Бекітілген барлық талаптарды қатаң сақтауды және құрылыстың бәсеңдемеуін міндеттеді. Аймақ басшысы барған Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында бой көтерген ғимараттардың ішкі әрлеу және жиһаз орнату жұмыстары жүріп жатыр. Конгресс холл көпсалалы ғимаратының құрылысы аяқталуға жақын қалған. Концерттік залының жалпы 3,1 га ғимараттың ішкі аумағы 12000 шаршы метрді қамтиды. Облыс басшысы тұрғын үйлер мен әлемдік талапқа сай бой көтерген «RIXOS» және Хэмптон қонақ үйлері, Керуен сарай, кітапхана, Тұңғыш Президент саябағы мен «Әзірет-Сұлтан» қорық мұражайындағы құрылыс және абаттандыру жұмыстарын тексерді. Өмірзақ Естайұлы құрылысқа атсалысып жатқан шетелдік компания жетекшілерімен кездесіп, жұмыс барысындағы бірқатар өзгерістерді талқылады.

 

Тақырып бойынша материалдар

АБАЙДЫ ТАНУ- ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚЫ ЖАҢҒЫРТУ
19:50, 10 тамыз 2020
АБАЙДЫ ТАНУ- ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚЫ ЖАҢҒЫРТУ
Толығырақ...
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗІМЕН ҚАНАТТАНҒАН АУЫЛ
18:34, 10 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗІМЕН ҚАНАТТАНҒАН АУЫЛ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:33, 10 тамыз 2020
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар