ШҰҒЫЛ! ТЕМІР ЖОЛҒА ЖАТЫП АЛҒАН ҚЫЗ ҚҰТҚАРЫЛДЫ Толығырақ

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРҒА АРНАЙЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

20:13, 20 наурыз 2020

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирус дертіне байланысты оңтүстікке кіріп-шығуды тәулік бойы қадағалау үшін ашылған арнайы жасақталған бекетте болды. Жамбыл облысынан Түлкібас ауданына кіреберістегі «Шақпақ» бекетінде орнатылған блок-пост арқылы Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Жамбыл облысынан келетін барлық автокөліктер жүріп өтеді.

Күре жолдың бойында ашылған арнайы бекетте полиция мен дәрігерлер әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуларын өлшеп, тексерістен өткізуде. Елдегі төтенше жағдайға байланысты ашылған арнайы бекеттің жұмысын тексеріп, тұрғындармен тілдескен облыс әкімі Түркістан облысының халқына арнайы мәлімдеме жасады. 

Өмірзақ Шөкеев, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «Құрметті жерлестер, аудан тұрғындары! Күні кеше Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев халыққа Үндеу жариялап, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шбекұғыл шараларды қолдауға шақырды. Елбасы қиын кезеңде ел-жұртқа көмектескісі келетін және жәрдем бере алатын адамдардың қаражаты жинақталатын Республикалық қор құруды ұсынды. Біздің облыста Арыстағы төтенше жағдай орын алған кезде нәтижелі жұмыс істеген «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры бар. Елбасының тапсырмасына орай, аталған қорға облыс әкімдігі, басқармалар мен оған қарасты мекемелер бүгін бір күндік жалақыларын аударады. Бастаманы қолдаған бизнес өкілдері  тарапынан да қорға ақша аударылатын болды», –

Төтенше жағдайға байланысты «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорының жанынан қамқоршылық кеңесі құрылды.  Қамқоршылық кеңесінің құрамына «Nur Otan» партиясы, кәсіпкерлер,  ардагерлер кеңесінің өкілдері кіреді. Бұл қор облыстағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға азық-түлік пен гигиеналық заттар бөледі. Қажетті заттарды таратуға еріктілер, «Жас Отан» жастар қанаты белсеніп отыр.  Облыстағы ахуалды тұрақты сақтау үшін 18 наурыздан бастап Алматы және Қызылорда бағытындағы шекаралық аймақтардағы «Сауран» және «Шақпақ» бекеттерінде короновирус дертіне байланысты тәулік бойы жұмыс істейтін блок-посттар қойылды. Екі тәулік ішінде «Шақпақ» бекеттері арқылы өткен 6000-ға жуық адам тексерілген. Блок-постта арнайы 4 тепловизор орнатылған. Шұғыл әрекет ету мақсатында 30-ден астам дәрігер, медициналық жедел-жәрдем қызметінің бригадасы да жұмылдырылып отыр. Түркістан облысындағы барлық ауруханаларда коронавирустың таралуына жол бермеу шаралары күшейтілді. Емдеу мекемелері жаппай карантинге көшкен. Төтенше жағдай жарияланған сәттен, облыста провизорлық госпитальдар ашылып, бұл мекемелерде қазіргі таңда карантинде 30 адам жатыр. 18 адам дәрігерлік тексеруден кейін үйлеріне шығарылды.  Облыста індетке қарсы жұмыс істейтін ахуал орталығы жұмысын бастап, күнделікті баспасөз-конференциясы өтуде.  

Өмірзақ Шөкеев, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

«Алаңдауға негіз жоқ. Түркістан облысының аумағында коронавирус тіркелген жоқ. Сақтық шаралары күшейтілген тәртіпте жүріп жатыр. Азық-түлік қоры жеткілікті, бағаларды негізсіз өсіруге жол бермейміз. Құрметті жерлестер! Дәл қазір бүкіл әлем қиын кезеңде тұр. Алайда, біз бұл қиын-қыстау уақыттан да бірлік пен ынтымақтың арқасында аман-есен өтеміз деп сенемін! Қазіргі таңда бізге тыныштық керек, жалған ақпараттарға сенбеңіздер. Ресми ақпарат пен  бұқаралық ақпарат құралдарына ғана сеніңіздер. Біз күнделікті жағдайды қатаң бақылауда ұстап отырмыз. Біз біргеміз!»,

 Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түлкібас ауданындағы темір жол вокзалындағы қолға алынған сақтық шараларын пысықтады. Жауапты сала мамандарының жұмылдыруымен шойын жол бекеттерінде жер жаһанда үрей тудырған қауіпті індеттің таралуына жол бермеу үшін арнайы тексеру орны жасақталған. Екі тәулік 16 пойыз жүріп өтіп, 200-ден астам жолаушы тексерілген. Барлығы дін аман. 

ДИДАР ӨМІРЗАҚ             

Тақырып бойынша материалдар

Шымкентке кіріп шығуға шектеу қойылады!
12:14, 31 наурыз 2020
Шымкентке кіріп шығуға шектеу қойылады!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шымкентте бір адамнан коронавирус анықталды
01:01, 25 наурыз 2020
Шымкентте бір адамнан коронавирус анықталды
Толығырақ...
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қала тұрғындарына мәлімдемесі
09:23, 26 наурыз 2020
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қала тұрғындарына м...
Толығырақ...