ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ӨНЕР ҰЖЫМДАРЫ «КӨРМЕНІ» КҮЛДЕН ТАЗАРТЫП ЖАТЫР

13:52, 9 қаңтар 2022

Шымкентте жаппай тәртіпсіздік тыйылып, жергілікті билік пен тәртіп сақшылары шаһар аумағын толық бақылауда ұстап отыр. Екі күн қатарынан болған бей-берекетсіздік салдары жойылып жатыр. Екі күн қатарынан болған бұзақылардың ойранынан Нұрсәттегі «Көрме» орталығын түгел өртеніп, күлі көкке ұшты. Қазір өнгер ұжымдары жанып кеткен ғимаратты өрт қалдықтарынан тазартып жатыр.

Көңіл құлазыды. Жан ауырды. Бейбіт шерудің дәл бұлайша өршіп, соңы өртке ұласатынын кім білген? Жаға ұстатарлық жағдай кім-кімді де бей-жай қалдырмады. Басбұзарлардың бассыздық әрекетінің кесіріне сырттан бақылап жатқаннан қоғамға пайдасын тигізуді ойлаған жұрт жаппай қолына күрек ұстады.

Дәурен Дүйсебаев - Шымкент қалалық тілдерді оқыту – әдістемелік орталығының директоры

Бұл - шеру емес, бүлік, дейді өнер саңлақтары. 4 және 5 қаңтардың түнін еске алып. Бүлікшілер дәл осы әкімшілік іскерлік орталығындағы бірнеше нысанға едәуір зақым келтірді. Оңбай ойсырағаны осы Көрме орталығы. Бүлікшілер әуелі ғимараттың терезелерін шақты. Кейін бөтелкеге құйылған сұйықтықты  ішке лақтырып жағып жіберді. Аяушылық деген жоқ. Тура бір фантастикалық фильмдегідей бәрі.

Әдемі Бөрібекова - көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхана директорының орынбасары

Гүлсанат Қалмырзақызы – тілші

Бұл орталықта өткен бірқатар мәдени-тарихи шаралардың басы-қасында жүріп едік. Тағылым түйер талай іске куәміз. Сондықтан, өзіміз қызмет етіп жүрген мәдени орданың дәл осындай халге түскеніне жанымыз ауырады дейді мәдениет қызметкерлері. Халықты сабырға шақырды.

Гүлсанат Қалмырзақызы – тілші

Нұржан Ізтаев – әртіс

Қалалық әкімдіктің алдын 4-5 мыңдай  адам жиналған. Бұзақылар мемлекеттің 59 көлігін төңкеріп, сындырып тастады. Біразын жағып жіберді. Барлығы да таспаға түсіп қалған. Кінәлілер анықталып жатыр. Басбұзарлардың қылмысы анықталса, жазасын алады. Ел үшін тыныштық пен бейбітшіліктен басқа бақыт жоқ. Осыны түсінсек екен. Күшіміз-Бірлікте!!!

 

Г. Қалмырзақызы               

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...