ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ӨНЕРЛІ ОТБАСЫ - «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» АТАНДЫ

16:47, 22 шілде 2021

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының Шымкент қаласындағы жеңімпазы анықталды. Көпке өнегесімен үлгі жанұя Қаратау ауданындағы Әлиевтер отбасы. Жүзден жүйрік шыққан шаңырақ иелері енді республикалық додада бақ сынамақ. Үздіктерге қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан 500 000 теңгенің сртификатын табыстап, ақтық сынға жолдама берді.

Түрік жанұясы көз ашқалы қазақ жерін атақонысы деп біледі. Отбасында қазақ дәстүрін қатаң сақтап, мемлекеттік тілде сөйлейді. Әулет көпшілікке «Алиевтер ансамблі» ретінде кеңінен танымал. Ұлттық өнерді ата кәсіпке айналдырғанына 50 жылдан асқан. Қазақтай дархан елдің елдігі мен теңдігін жырға қосқан жанұя Шымкенттік отбасылар арасынан үздік деп танылды.  Айта кетейік, жыл сайын еліміздің әр өңіріден 2 жеңімпаз отбасы анықталса, биыл республикаға бір отбасы жолдама алды.

Башат Алиев  – Шымкент қалалық  «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы

Мерейлі отбасы байқауына қатысуға биыл Шымкент қаласы бойынша 110 отбасы өтінім білдірген. Олар отбасындағы тәрбие мен танымын, жанұялық жетістіктерін видеоролик арқылы бейнеледі. Қатысушылардың  өнерін  қаладағы 4 ауданнан құрылған комиссия мүшелері саралап, аудандық іріктеу өткізді.  Нәтижесінде қазақылықты қанына сіңіріп, салтты сақтап, дәстүрді дәріптеп жүрген өнерлі отбасы мерейлі отбасы атанды.

Шыңғыс Мұқан –Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары

Мерейлі отбасы ұлттық байқауы жанұялық бақыт пен шаттықты үлгі етіп, қазақ отбасының озық үлгісін анықтайтын дәстүрлі шара. Былтыр карантиндік талаптарға сәйкес ұйымдастырылмады. Дегенмен, бұл жолы қатысушылар  белсенді  әрі саны да басым болды.

 

Д.Өмірзақова                                                                                                     

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...