ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ӨНІМ ДЕ БАР, ЖҰМЫС ТА БАР

13:08, 8 маусым 2021

Оңтүстік өңірі бүгінде жылыжай кешендерінің көптігімен көш басында келеді. Жалпы, еліміздегі жылыжай шаруашылығының 60 процентін Түркістан облысы құрайтын болса, оның 80 проценті бір ғана Сарыағаш ауданына тиесілі. Мұнда өндірілетін өнімдер тек осы аймақты ғана қамтып қоймай, ол солтүстік облыстар мен одан да өзге де шет мемлекеттерге саудаланады. Ең бастысы, мұнда өнім де бар, жұмыс та бар.

Бүгінде жылыжай слаумен жергілікті тұрғындар да көптеп айналыса бастаған. Әрине, бұл шаруашылықты жүргізу де оңай шаруа емес. Әсіресе, қатты отынмен жылытатын нысандарда шығын көп. Дегенмен, шаруалар еткен еңбегінің  нәтижесін көру үшін, тынымсыз еңбек етуде.

 МҰХТАР  АТАБЕК  - ТІЛШІ

МИРАС  ЕСІРКЕП-  КӘСІПКЕР

«Елде болса ерінге тиеді»  дегендей,  әр ауылда мұндай жылыжайлардың болуы, жергілікті тұрғындар үшін де тиімділігін көрсетуде. Өйткені, ауыл азаматтары жұмыс іздеп алысқа шабылмайды.  Көпшілік тұрғындар  осындай жылыжайлардың арқасында тұрақты жұмыспен қамтылған.

ШАХИДА  БЕРКІМБАЙ  - ЖҰМЫСШЫ

Қазір мұндағы шаруалар жылыжайдағы алғашқы өнімдерін жинап бітуге тақау.  Мәселен, мына жылыжайдағы қызанақтар бір терімнен кейін  тазартылып, екінші өнім егуге әзірленбек.  Ол өнім қандай болмақ? Оны  тиімділігене қарай шаруалар өздері шешетін болады.  Алайда бір анығы, мұнда өнім де болады, жұмыс та болады.

 

М. Атабек                                             

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...