ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ӨНІМ ДЕ ӨНДІРЕДІ, ҚАЙЫРЫМ ДА ЖАСАЙДЫ

12:18, 23 ақпан 2021

Сайрам ауданы ауыл шарушылығымен аты шыққан аймақ. Сонымен қатар мұнда өндіріс пен өнеркәсіп саласы да өркендеу үстінде. Мәселен, аудандағы ұн шығаратын «Асыл ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінде аудан экономикасын алға сүйреп келе жатқан өндіріс орындарының бірі. Оның шығарған өнімдері бүгінде елімізден бөлек алыс- жағын шетелдерге де экспортталуда.

Бүгінде бір ғана Сайрам ауданында  шағын да болса бірнеше машина жасау зауыттары бар. Ал одан бөлек отандық өнім өндіретін кәсіпорындар да жетерлік. Солардың бірі   бидай өңдеп, ұн шығаратын «Асыл ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.  2002 жылдан бері жұмыс атқарып келе жатқан кәсіпорын бүгінде елімізден бөлек, алыс – жақын шетелдерге де ұн экспорттауда.

ЖАҚСЫБЕК СӘРСЕНБЕКОВ - БАС ТЕХНОЛОГ

Алғашында бар – жоғы 90 тонна ғана ұн шығарған зауыттың бүгінгі нәтижесі 5 есеге дейін артқан. Бұл мемлекет жәрдемімімен жүзеге асуда. Өйткені мұнда да   мемлекеттік «Жол картасы» бағдарламасы аясында  лайықты жұмыстар атқарылуда.    Соның негізінде кәсіпорынның 90 процент өнімі шетелдерге экспортталуда.  

ДИНАРА ЕГЕМБЕРДИЕВА  - «АСЫЛ ЛТД» ЖШС ДИРЕКТОРЫ, ТҮРКІСТАН  ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Кәсіпорын бүгінде тәулігіне  450 тоннаға дейін ұн өнімдерін шығара алады. Алдағы уақытта екінші диірмен іске қосылса оның қуаттылығы тағы да артары сөзсіз. Бүгінде мұнда 70- ке жуық  жергілікті тұрғындар жұмысқа тартылған. 

ӘБДІМАНАТ БӨРІБЕКОВ  -АҚСУКЕНТ АУЫЛ ОКРУГІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Кәсіпорын ел экономикасын еселеумен қатар, көптеген қайымдылық шараларын да ұйымдастырып отырады.  Бүгінде аудандағы 112 аз қамтылған отбасы осы кәсіпорын қамқорлығына алынған.

 

М. Атабек                                              

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТКЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ,ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ МИНИСТРІ ҚЫЗМЕТТІК САПАРМЕН КЕЛДІ
18:27, 5 наурыз 2021
ШЫМКЕНТКЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ,ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБ...
Толығырақ...
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ЕРЕКШЕ БАЛА ТӘРБИЕЛЕП ОТЫРҒАН АНА МЕН АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ
18:19, 5 наурыз 2021
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ЕРЕКШЕ БАЛА ТӘРБИЕЛЕП...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҚАЙТЫС БОЛҒАН ЖАНҰЯНЫҢ ТУЫСТАРЫНА БАРЫП КӨҢІЛ АЙТТЫ
23:54, 27 ақпан 2021
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҚАЙТЫС БОЛҒАН ЖАНҰЯНЫҢ ТУЫСТАРЫНА БАРЫП КӨҢІЛ...
Толығырақ...