ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ОНКҮНДІК ШАРАЛАР ЖЫЛДАРДЫҢ ЖҮГІН КӨТЕРУДЕ

14:57, 12 сәуір 2021

Сайрам ауданындағы «Ауыл – ел тірегі» он күндік іс шаралар жобасы Манкент ауыл округінде жалғасты. Айтулы шараны өткізу үшін алдымен оның нақты жоспары түзілуі тиіс. Міне, осыған орай Сайрам ауданы аппараты мен дербес бөлімдер жоспар түзіп, оны арнайы жиында талқылады. Ең бастысы - мұнда округ тұрғындарының да талап – тілектері мен ұсыныс – пікірлері ескерілді. Соның нәтижесінде осы он күн ішінде атқарылатын 134 жоба түзілді.

Жалпы,  Манкент те Сайрам ауданындағы халқы тығыз орналасқан аймақтардың бірі. Мұнда 30 мыңға жуық халық  мекен етеді. Халқы еңбекқор. Соның арқасында тұрмыс тіршілік те жаман емес.  Жетістіктер де жетерлік. Алайда атқарылатын істер де көп. Міне, ауданда жүргіліп жатқан онкүндік шаралар аясында  көптеген мәселелер шешілуде.

АБДИЖАМИЛ БАБАНАЗАРОВ -  АУЫЛ БИІ

Бір ерекшелігі, осы он күндік аясында   түрлі жұмыстармен қатар, спорттық жарыстар  мен көптеген қайырымдылық шаралар да атқарылады. Сондай –ақ,  ауыл аймақтарды күл қоқыстардан тазарту жұмыстары да қарқынды жүргізіліп,  сауапты істерге де  көп көңіл бөлінбек.  

СЕЙДАХМЕТ ТЕМІРБЕКҰЛЫ-  АУДАН ИМАМЫ

Ауыл округі бойынша  осы он күн ішінде атқарылатын шаруалар негізінен  халықтың  ұсыныс пікір есебінен түзілген. Сондықтан олардың дені   халықтың күнделікті тұрмыс тіршілігіне аса қажет  ағын су мен жол, электр жарығы мен  көшелерді көркейтіп, көріктендіру бағытында.  Мұның ең басты ерекшелігі, бұл жұмыстарға бюджеттен ешқандай  қаржы қаралмайды, бәріне  демеушілер тартылып,  асар негізінде атқарылады.

САЕРА ДАВАНОВА  - САЙРАМ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Бұл жұмыстар қазірдің өзінде  жемісін беруде.  Түзілген жоспарлардың бірқатары ауа райының қолайсыздықтарына байланысты  осы мерзім ішінде аяқталмауы да мүмкін. Алайда, ол жалғасын таба береді. Ең бастысы  бұл жоба   кез келген игілікті істің басталып кетуіне қозағау салып, серпін берері анық. Онүндік  шаралардың маңызы да осында.

 

М. Атабек                                             

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...