ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ОНЛАЙН-АЛАЯҚТЫҚТЫҢ 30 ДЕРЕГІНЕ ҚАТЫСЫ БАР АЛАЯҚ ҰСТАЛДЫ

15:36, 8 сәуір 2021

Сақ болыңыз! Интернет алаяқтары көбейді. Түркістан облысының тәртіп сақшылары онлайн-алаяқтық жасады деген күдікпен Алматы облысының тұрғынын ұстады. Криминалдық полиция қызметкерлерінің айтуынша, күдіктінің 30-дан астам онлайн-алаяқтыққа қатысы бар болып шықты. Оның ішінде 8 жайт Түркістан облысына қатысты. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 6 миллион теңгеге жуық.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдіктінің тұрғылықты жерін анықтап, оны Алматы қаласынан ұстады. Жедел уәкілдер анықтағандай, жас жігіт "Ватцап" мессенджерінде топ құрып, адамдардың сеніміне кіріп, қатысушыларға салымдарын үш есе арттыруға уәде берген. Алаяқтыққа сенген аңғал азаматтар көрсетілген шотқа ақша жіберіп, соңында  дымсыз  қалған. Осылайша күдікті алаяқтық жолмен алған ақшаны жергілікті банктердің біріндегі өз шотына аударып алған. Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша  ҚР ҚК-нің 190-бабымен "Алаяқтық" сотқа дейінгі тергеу амалдары  жүргізілуде. Тергеу істің толық мән-жайын анықтауда. Айта кетер жайт,  онлайн-алаяқтық қылмысы  құрбандарының саны артып барады. Өз кезегінде  Түркістан облысының полицейлері алаяқтықты болдырмау үшін мұқият болуға және бейтаныс адамдарға артық сенім білдірмеуге кеңес береді.  "Оңай ақша" әкелетін уәделері бар күмәнді жарнамаларға өзіңіздің дербес деректеріңізді, сондай-ақ құпия сандар,  банк карточкаларының кодтарын және өзге де жеке ақпаратты жіберуге, жария етуге  болмайды.  Егер де,  сіз, алаяқтықтың, оның ішінде интернеттегі алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада  полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.

Шыңғыс Жайлаубек, ТО ПД Криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі

 

Г. Қалмырзақызы                                                   

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:32, 13 сәуір 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
В ГРОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ №2 ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ ВАКЦИНАЦИЯ ГОРОЖАН
18:33, 13 сәуір 2021
В ГРОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ №2 ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ ВАКЦИНАЦИЯ ГОРОЖА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОНКҮНДІК  ШАРАЛАР  ЖЫЛДАРДЫҢ  ЖҮГІН  КӨТЕРУДЕ
14:57, 12 сәуір 2021
ОНКҮНДІК ШАРАЛАР ЖЫЛДАРДЫҢ ЖҮГІН КӨТЕРУДЕ
Толығырақ...
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
16:40, 9 сәуір 2021
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...