ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ОҢТҮСТІК ӨҢІРІНДЕ ЖАРЫҚ ТАРИФІ ӨСУІ МҮМКІН

16:45, 22 шілде 2021

Түркістан облысы мен Шымкент қаласында электр энергиясының бағасы өсуі мүмкін. Оған өндіруші ұйымдардың босату бағаларын көтеруі себеп болып отыр. Осыған байланысты оңтүстік өңірін жарықпен қамтамасыз етіп отырған «Энергопоток» серіктестігінің хабарламасына сәйкес, табиғи монополияларды реттеу департаменті қоғамдық тыңдау өткізді. Онда мамандар бағаның өсу себептерін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Оңтүстік өңірін жарықпен қамтып отырған «Энергопоток» серіктестігі ағымдағы жылдың 1-ші тамызынан бастап тариф бағасын өсіруді ұсынып отыр.Оған энергия өндіруші ұйымдардың босату бағасын қымбаттатуы себеп болып отыр дейді салаға жауаптылар. Айтуларынша, бұл өзгерістер бүкіл республиканы қамтымақ.

Ержан Жақсылықов- «Энергопоток» ЖШС қаржы директоры Айта кетейік,Оңтүстік энергия тапшы аймақ болып табылады.Мамандардың айтуынша, жергілікті энергия өндіруші ұйымдар халыққа қажетті қуат көзін өндіруге қауқарсыз. Күнгейліктердің тұтынып отырған электр қуатының 63,8 пайызы еліміздің өзге аймақтарынан жеткізіледі. Салаға жауаптылар өндіру құнының артуына байланысты тарифті көтеруге мәжбүрміз дейді. Жария тыңдауға қатысқан тұтынушылар бұған өз ойларын білдірді.

Кеңесжан Әубәкіров - тұрғын

Егер ұсынылып отырған тарифті Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысындағы өкілдері мақұлдаса, энергия құны  2,7 пайызға артпақ.  Шілденің соңына дейін мамандар тарифтік жобаға жан-жақты сараптама жасап, қорытындысын шығаруы тиіс.

 

Е. Бөбеев

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...