ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ОҢТҮСТІКТЕН СОЛТҮСТІККЕ

17:35, 14 қыркүйек 2021

Екі қолға бір күрек таппай, отбасын қалай асыраймын деп уайымдап жүрсізбе? Қамықпаңыз..... Сізді Солтүстік өңірлері құшақ жая қарсы алады. Жұмыспен қамтып, баспаналы етеді. Мемлекеттік бағдарлама аясында Түркістанға Павлодар облысынан арнайы делегация келді.

Бір ғана Түркістан қаласында жұмыссыздар саны 3 мыңнан асады. Ал Павлодарда жұмыс күші тапшы. Сондықтан Солтүстіктен келген делегация түркістандықтарды жұмысқа  шақырады. Түркістан қаласына Павлодар облысы Жұмыспен қамту басқармасы, Көші - қон бөлімінің басшысы Меруерт Есембаева  және Тереңкөл ауданы "Жұмыспен қамту орталығының" директоры Азамат Муханов келді. Мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін түсүндірді. 

Меруерт Есембаева - Павлодар облысы Жұмыспен қамту басқармасы  Көші - қон бөлімінің басшысы

Көне шаһарда халық саны ай санап артып келеді. Тиісінше облыс орталығында екі қолға бір күрек таппай жұмыссыз ретінде тіркеліп жатқандар  көп. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында халқы тығыз орналасқан Оңтүстік өңірінің халқын Солтүстікке көшіру бағдарламасы екі өңіргеде тиімді.

Ақмарал Жолаева - Түркістан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры 

Осы уақытқа дейін Түркістан облысынан Солтүстікке 10 мыңнан астап отбасы қоныс аударған. Алғашқы лек бұл күні сол жақтағы аудан ауылдарға орнығып қалды. 2021 жылдың басынан бастап жалпы Солтүстік өңірлерге облысымыздан 1341 мүшесі бар 302 отбасы қоныс аударды. Оның ішінде облыстың аудан, қалалар бөлінісінде Түркістан қаласынан Павлодар облысына -10 отбасы , Солтүстік Қазақстан облысына - 4 отбасы Қостанайға -1 отбасы көшкен. Жалпы Түркістан қаласынан 16 отбасы 76адам қоныс аударған.«Еңбек» бағдарламасы шеңберінде көшуге субсидия көлеміде қомақты.

 

К.Дүйсенбі                                                 

Тақырып бойынша материалдар

БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
17:50, 17 қыркүйек 2021
БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА  ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
16:34, 17 қыркүйек 2021
ТҮРКІСТАНДА ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...