ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

17:26, 3 маусым 2021

Халықаралық Silk way университетінің аты ауысты. Бұдан былай аталмыш оқу ордасы Орда университеті болып жұмыс жасайды. Жаңа университетке бүгін жаңа ректор тағайындалды. 30 жылдық тарихы бар іргелі оқу ордасын маусым айынан бастап Жакипбаев Бибол Ермуратұлы басқаратын болады.

Ол бұған дейін SILKWAY Халықаралық университетінің Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры қызметін атқарған. Бибол Ермуратұлы 1984 жылы 4 қазанда  Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақстанның жас педагогтар-ғалым қауымдастығының, жасғалымдар альянсының мүшесі. 2008 бастап -2019жылға дейін – М.Әуезов атындағы ОҚМУ қызметкері болып жұмыс жасаған. Ал, 2019 жылдан бастап – "Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымды дамытуды қолдау қоры" қоғамдық қорының корреспондент-мүшесі;

SILKWAY Халықаралық университетінің "Іргелі және қолданбалы зерттеулер" ғылыми-зерттеу институтының директоры болған.

2020-2021 жылдары – Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінде  "Болашақ" Халықаралық бағдарламасы бойынша бір жылдық тағылымдамадан өткен. PhD докторы. Жоғарғы оқу ордасының ішкі асханасын бес саусақтай білетін басшы білім, ғылыммен қатар тәрбиеге де баса мән береміз деп, отыр.

Бибол Жакипбаев – Орда университетінің ректоры, PhD докторы

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
17:37, 21 маусым 2021
ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
17:36, 21 маусым 2021
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар