ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ОРМАН-ДАЛА ӨРТІНІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ ӨТТІ

14:45, 11 маусым 2021

Түлкібас ауданы әкімдігі жанынан құрылған төтенше жағдайларды алдын алу комиссиясы ауқымды шараға ұйытқы болды. Орман және дала өрттерін сөндіру бойынша өзара іс-қимылы жөніндегі тактикалық оқу жаттығу өткізді.

Елді мекендерден алшақ аумақта өткзілген шараға аудан әкімі Нұрлан Байғұт, «Ақсу Жабағылы» мемлекеттік қорығы мен «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің басшылығы мен ұжымы  қатысты. Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен №1 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, ауылдық округ кент әкімдері мен ерікті өрт сөндірушілерде ортақ шаруаға атсалысты. Жаттығу табиғи апаттың алдын алу мақсатында  ұйымдастырылған.

Арыстанбек Қоқыров - Түлкібас аудандық ТЖБ бастығының міндетін атқарушы

Бүгінгі оқу жаттығуда байқағанымыз мақсаты өрттің алдын алу

Сценарий бойынша қураған ағаштар мен бұталардың жануы орын алды. Тактикалық жаттығу табиғи апатты жою алгоритміне сәйкес жүргізілді. Оқу жаттығу барысында белгіленген алгоритмге сәйкес жауапты мекемелер мен ауыл әкімдіктеріндегі ерікті өрт сөндірушілер дабыл соққысынан кейін өрт орын алған аймаққа жиналып, тілсіз жау шарпыған Жабағылы ауылының маңындағы алқапта іс жүзінде өрт сөндіру жұмыстарын іске асырды.

Ерлан Тойлыбаев -  Түлкібас аудандық Мамандандырылған №2 өрт сөндіру бөлімінің бастығы

Ақсу жабағылы мемлекеттік табиғи қорығынан 2 өрт сөндіру көлігі

Маңызды шараға25 түрлі техника мен 200-ге жуық адам қатысты. Шара соңында аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы биылғы жауын-шашынның аз түсуі және аңызақ желдің тұруыорман-далада өрттің туындау қауіпін жоғарлататының айтты. Оның алдын алуғабарынша дайын болу керектігін атап өтті. Сонымен қатар, оқу жаттығуына қатысқан барша мекеме қызметкерлері мен еріктілерге алғысын білдіріп, тілсіз жаудан барынша қорғанып жүруге шақырды.

 

К. Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
17:37, 21 маусым 2021
ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
17:36, 21 маусым 2021
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар