
Көліктеріңізде өрт қауіпсіздігін қаншалықты сақтайсыздар? Соңғы деректерге сүйенсек көліктерден өрттің шығуы жиілеген көрінеді. Осыны ескерген ТЖБ басқармасының мамандары қаламызда арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жүргізілген іс-шара барысында автокөлік жүргізушілеріне өрт қауіпсіздігін қалай сақтау керекті түсіндіріліп, арнай ескертпелер таратылды. Жалпы, электр жабдықтардың бұзылуы, жанар-жағармай жүйесінің ақауы, салонда шылым шегу, сайып келгенде көлік иесінің машинадағы өрт қауіпсіздігіне салғырт қарауы көліктегі өрттің басты себебіне айналып отыр. Сондай-ақ, сала мамандарының айтуынша көлік жүргізушілері қосалқы орнатылған газ қондырғыларының да техникалық жағдайына мән бере бермейді дейді.
Бахадүр Расулов – Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы ТЖБ бастығы
Н.Әбдірашит