ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ Толығырақ

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ

15:56, 7 қазан 2019

Түркістанда III-ші Орталық Азия халықаралық форумы өтті. Оған әлемнің 20-дан астам мемлекетінен 400-ге жуық сарапшы қатысып, білім сапасын көтеруге қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі ұйымдастырған форум білім беру сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Әлемнің түпкір-түпкірінен  жиналған сарапшылар  білім саласындағы  кемшіліктерді саралап, жетістіктерімен бөлісті. Сарапшылардың пікірінше барлық жоғарғы оқу орындарын  аккредитациядан өткізетін агенттіктер тәуелсіз болуы керек. Сонда ғана мемлекеттің жүгі жеңілдеп, сапалы маман даярлауға әсер ететінін айтылды.

Алина Жұмағұлова -  «Аккредиттеу жəне рейтингтің тəуелсіз агенттігі» директоры

- Біздің мақсатымыз – адам өмірін жақсартуға бағытталған білім сапасын арттыру. Білім сапасының жақсаруы – тікелей өмір сапасының артуына байланысты. Осы тұста ЖОО-ғы білім жүйесін жетілдіруге бағытталған аккредитация маңызды рөл атқарады. Ол білім сапасын көтеруге, халықаралық тәжірибені меңгеруге үйретеді.

 Форумның негізгі мақсаты – жоғары оқу орындарын аккредитациядан өткізу арқылы халықаралық дәрежеге көтеру. Бұл бастамаға біздің және  шет елдік академия және кәсіби қауымдастық өкілдері үлкен қызығушылық танытып отыр. 

Болатбек Әдірәсілов - Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры

Әр мемлекет өзінде мықты университеттерді құру. Білім мен ғылдымды дамытуға көптеген іс-әрекеттер жасап жатыр. Бүгінгі өткізіп ждатқан форумда халықаралық тәжірибені ортаға салып жатыр. Жаһандану басталғалы бері бәрі өзгеріп жатыр. Технология да өзгеру үстінде. Білім беру әдістері де өзгеріске түсуде. Осындай өзгерістер заманында білім беру мекемелері, ЖОО-ы бір жерде тұра алмаймыз. Біз де сол заманауи өзгерістерге сай болуымыз керек. Сапаны қамтамасыз етуіміз керек.

Аталмыш орталық бұған дейін  Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстанның ЖОО аккредиттеуден өткізген. Жақында балтық жағалауындағы елдері университеттерін де өткізуді жоспарлап отыр. Ал,  Америка бұл жүйеге 1980, Түркия 1990, ал Қазақстан 2000 жылдардан бастап көше бастапты. Айта кетейік, биылдан бастап аккредитеуден өтпеген ЖОО-на грант бөлінбейді. Агенттік Білім және ғылым министрлігіне ұсыныстар бере отырып, білім сапасын бірігіп көтеруге күш салмақ.

М.ӘСЕМБЕК                                                                           


 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
18:12, 27 қаңтар 2020
ҚАЛА ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар