ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

ОСЫ АПТАДА ПАРАЦЕТАМОЛ ЖЕТКІЗІЛЕДІ

12:40, 16 шілде 2020

Түркістан облысында 7 дәрігер жұқпалы індеттен қайтыс болған. Осы азаматтардың отбасына қаржылай көмек беріледі. Бұл мәселе қазір қарастырылып жатыр. Сонымен қатар дәріханаларда жетпей жатқан парацетамол препараты да осы аптада жеткізіледі. Осы және өзге де мәселелер салаға жауапты мамандардың өткізген брифингінде мәлім болды.

Облысымызда жұқпалы індетті емдейміз деп жүріп, 7 дәрігер қайтыс болған.Дүниеден озған дәрігерлердің отбасына қаржылай көмек берілуі тиіс. СӘКЕН ҚАЛҚАМАНОВ- ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Бюджетный процес бар. Бізде мәслихатымыз бар. Қашан берілетінін сізге хабарлайтын боламыз. Бұл мәселе облыс әкімінің тікелей назарында. Ал, облысымызда әлі күнге дейін парацетамол тапшы. Салаға жауапты мамандар бұл бойынша тиісті шараларды қолға алғанын айтады.

ДӘУЛЕТ ТАҒЫБАЕВ- ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ  Парацетамол ол Ресейде шығарылады. Осы аптада біз өндірушілермен тікелей байланысқа шығып Парацетамол, аспирин витамин С миллион данасын алдырамыз.

Жалпы алғанда парацетамолды алмастыратын дәрі-дәрмектер бар. Тек дәріханадағы провизорлар сіздерге ұсыныс беруі керек,-дейді облыс әкімінің орынбасары.

СӘКЕН ҚАЛҚАМАНОВ- ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ  Біздің айтарымыз тек қана парацетамол емес басқа да заменяющий препараттар бар. Терафлю бар, аспирин бар, витамин с бар. Соны да алып пайдалану керек.

Облысымызда дәрі-тапшылығын жою үшін 500 млн теңге қаржы бөлінген. Бүгінге дейін 127 млн теңгенің дәрілері келіп жетті. Енді осы аптада Түркия мен Ресейден тағы да қажетті препараттар келеді деп күтілуде.

Н.Кенжехан            

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:24, 28 шілде 2020
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...