ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ОТАНДЫҚ ӨНІМ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ

13:06, 8 маусым 2021

Отандық өнім бәсекеге қабілетті! Бүгінде Шымкент қаласындағы бірқатар кәсіпорындар шаһардың дамуына сүбелі үлесін қосуда. Осы орайда Миллионды қала кәсіпкерлері өзімізден шыққан өнімдердің сапасын арттырып, әлемге танытуды қолға алып отыр. Еліміз Тәуелсіздік алған 30 жылда жеткен жетістіктерінің бірі жылына 24 млн жұп шұлық шығаратын «Аlem БТ» зауыты. Аталған фабриканың жұмыс барысымен танысып қайтқан әріптесім Айдана Қуанышқызының бейнематериалында.

«Аlem» зауыты «Оңтүстік» экономикалық аймақта орналасқан. Аумағы 12000 шаршы метр.  Тұңғыш президент Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2015 жылы құрылған. Сондай-ақ “Жаңа идустриалды Қазақстан” жобасының қатарында болған айрықша обьект. Аталған зауыт Оңтүстік Корея технологиясы бойынша салынған. Жақын арада Еуропалық стандарттарға ие болып, әлемдік брендке айналдыруды жоспарлауда.

Нұрдаулет Рысбеков -«Аlem БТ» зауытының менеджері

Бүгінде зауытта әртүрлі дизайндегі сапалы шұлықтар жасап шығарылады. Бағасы да қалта көтерімді. Сұранысқа ие. Әсіресе, шет мемлекеттерден тауарға деген қызығушылық жоғары көрінеді. Қазіргі таңда зауыттағы  75% өнім экспортта. Оның ішінде көрші Ресей, Италия мемлекеттері басты тұтынушы болып отыр.  

Қарашаш Мананова – «Аlem БТ» зауытының қызметкері

Айтып өтейік, “Alem” зауытының толыққанды қуаттылығы жылына 24 миллион жұп. Алдағы уақытта инвесторлардың қолдауымен  Италияның «Lunati» станоктарын алып, қуаттылығын бірнеше есе арттыруды жоспарлап отыр.  

Исмаил Жанполат – «Аlem БТ» зауыты директорының міндетін атқарушы

Мен Түркиядан  Қазақстанға арнайы осы фабриканы дамыту үшін келдім. Алдын Өзбекстанда жұмыс істегенмін. 30 жылдық тәжірибем бар. Осы елде тоқыма мектебі ашылса дұрыс болар еді деп ойлаймын. Оның ішінде осы шұлық жасап шығару саласын қолға алу керек. Өйткені бұл мемлекетте мақта бар, әртүрлі жеңілдіктер де қарастырылған  және жұмыс күші де бар. Тағы айтқым келетіні, қазіргі таңа фабриканың жағдайы жақсы, бірақ біраз уақыт өткен соң бұдан да жақсы болатынына сенемін.

Қазіргі таңда фабриканың беделін арттыру үшін арнайы Түркиядан мамандар келіп жұмыс істеуде. Алдағы уақытта зауыт жылдық қуаттылығын арттырып, отандық өнімге деген сұранысты арттыруды көздеп отыр. Ол үшін жоспарға сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылуда.

 

Айдана Қуанышқызы                                                                                                                                                                     

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...