ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ОТАНДЫҚ ӨНІМ - ЭКОНОМИКАНЫҢ ӨРІСІ

14:01, 9 маусым 2021

Шымкентте кәсіп бастаймын дегендерге мүмкіндік көп! Қаншама мемлекеттік бағдарламалар бар, жеңілдіктер қарастырылған. Бүгінде шаһарда зауыт, фабрика ашам деп ниет білдіргендерді қолдау қарқынды жүргізіліп жатыр. Мәселен, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындардың атқарып жатқан жұмысына тоқталып өтейік. 2008 жылы іске қосылған кәсіпорын қазір өзінің өндірістік қуаттылығын арттырған. Аталған өндіріс ошағы қазір жылына 6,5 тонна жіп иіреді. Оның басым бөлігі шетке экспортталуда.Бұның барлығы еліміз Тәуелсіздік алған 30 жылда жеткен жетістік.

Бұл «Azala Cotton» зауыты. Оңтүстік арнайы экономикалық аймақтың кіре берісінде орналасқан. Аумағы 4,5 гектар. Жобаның жалпы құны 7 млрд теңге.Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2008 жылы құрылған болатын. Алайда 2012 жылы зауыт тоқырауға ұшырап жабылған. Бірақ2017 жылы қайта бой тіктеп, зауыт өзге кәсіпкерлердің қолына өтіп, бүгінде қарқынды жұмыс істеп келеді.

Бекет Тұрсынханов - «Azala Cotton» зауытының директоры

Аталған  зауытта дайын мақтадан жіп иіреді.Ақ алтынды жергілікті Мақтаарал, Түркістан қалаларынан сатып алады. Бүгінде кәсіпорында 300-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Зауыттың жылдық қуаттылығы 6,5 мың тонна. Мұндағы заманауи  техникалар  арнайы  Швейцария мемлекетінен тапсырыспен әкелінген.

Дархан Оңланбеков – бас инженер

Айтып өтейік,  бұл фабрика жіп иіру саласы бойынша Қазақстанда көш бастап тұр. Өндірілген тауардың 95%-ы экспортталады. Оның ішінде көрші Ресейге 40%-ы, ал Қытайға 55%-ы жөнелтіледі. Рахия Абдраимова зауыт ашылғалы бері осында қызмет етіп келеді. Жұмысына қатты берілгелі соншалық мұндағы әрбір техниканың тілін жетік меңгерген.

Рахия Абдраймова – қызметкер

Қазір қай салада болсын отандық өнімді дамыту өзекті мәселе болып отыр. Әсіресе, халықтың күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарларының басым бөлігін отандық табиғи, таза өнімдердің құрауы аса маңызды. Алайда, бүгінгідей ашық экономикалық кеңістікте шетел өнімдерін ығыстыру жоғары бәсекелестікпен қатар, тауар өткізудегі жүйелі жұмысты да талап етеді. Олай дейтініміз, сапасы жағынан біздің өнімдер шетелдіктерден қалыс қалып отырған жоқ, бірақ өту-өткізу тұрғысынан біршама проблемалар бары анық. Алдағы уақытта бұл мәселелер шешімін тапса, отандық өнімнің елімізде ойып тұрып орын алары сөзсіз.

 

Айдана Қуанышқызы                                                                            

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...