ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ОТАНДЫҚ ӨНІМ ҰЛТТЫҚ БРЕНДКЕ АЙНАЛДЫ

14:41, 11 маусым 2021

Шымкенттегі «Назар Текстиль» өндіріс орнының ауқымы күннен күнге артып келеді. Кілем тоқу фабрикасында қазір тоғыз жүйе тоқтаусыз жұмыс істейді.

Бүгінде өнеркәсіп орнында кілемнің жүзден астам түрі бар. Бәсекеге қабілетті тоқыма зауыты тоқтаусыз жұмыс істеуінің арқасында мұнда кілем өндірісі қарқынды дамып келеді. Отандық өнімге деген сұраныста арта түсуде. Айтып өтейік, фабрика өнімдері сапасы жағынан әлем таныған алпауыттардың тауарынан кем емес. Өндіріс орнының кілемдері өзімізден бөлек, Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстанға экспортталады. Алдағы уақытта Ресей нарығына  жол тартпақшы.

Келісбек Болат – «Назар Текстиль» зауытының өндіріс басшысы

 «Назар-Текстиль» ұжымында айлық жалақыға сыйақы, жұмыс сапасы мен белсенділігіне қарай үстеме ақы да қосылады. Қызметкерлерге барлық жағдай жасалған. Таңертең және кешкі уақытта жұмысшыларды тасымалдау үшін транспорт мәселесі қаралған. Түскі ас тегін. Тынығу бөлмесі бар. Нұржамал Нышанбаева  - 2014 жылдан бері осы зауытта жұмыс істеп келеді.  Жалақысы мен жұмысы көңілінен шығады. Ол мұнда техника арқылы дайындалып шыққан кілемдердің сапасын тексереді..

Нұржамал Нышанбаева - қызметкер

Мұндағы техникалардың барлығы арнайы Бельгиядан  алынған. 3 ауысыммен жұмыс істейтін мекеме ай сайын 100 мың шаршы метр шамасында кілем тоқып шығарады. Осы орайда «жұмысшылар жаңа технологияны қалай меңгерді?» деген сұрақтың туындауы заңды. «Назар-Текстиль» тәжірибе алмасу ісін ұйымдастыруда да алдыңғы қатарда. Шетелдік фабрика жұмысын толық меңгерген маманды Қазақстанға алдыртып, жұмысшыларға техниканың басында жүріп үйрететін көрінеді.

Рүстем Мұстафаев – жіп бөлу бөлімінің басшысы

Қазіргі таңда  «Назар-Текстиль» фабрикасының кілемдерін сату желісі Қазақстанның барлық облысында орналасқан. Сондай-ақ, көтерме бағамен алып-сатушылар да бар.  Екі жылдан бері кілемнің сапасына сын айтушылар болмаған.  Өйткені, сапасы сын көтереді, бағасы  да қолжетімді.

 

Айдана Қуанышқызы                                                                                                                                                             

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
17:37, 21 маусым 2021
ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
17:36, 21 маусым 2021
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар